12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Судьяларға қойылар талап үлкен

Судьяларға қойылар талап, жүктелген жұмыс бір сәт те төмендеген емес. Мемлекет атынан төрелік ететін судьялардың мәртебесі қандай биік болса, атқарар қызметі де басқа мамандық иелерімен салыстырған өте ауқымды да жауапты. Себебі, адамның тағдыры судьяның сауаттылығы мен біліктілігіне тәуелді.

Судья болу үшін тек заңгерлік білімді меңгеру аз. Айталық қазір көптеген жоғары оқу орындарында заң факультеттері бар. Заңгерлерді дайындайтын орта арнаулы оқу орындарынан да кенде емеспіз. Осы оқу орындарында білім алып, дипломы қолына тиген мамандардың көпшілігі сот саласында қызмет етіп, судья болуды армандайды. Өйткені, судья – заңгерлік мамандықтың шыңы. Бірақ, әділдік алаңында тура төрелік айтуды қалағандардың бәрі сот сапына іліне бермейді. Судьялыққа үміткерлерді іріктеудің талаптары жылдан-жылға қатайтылып, сынақтар күрделеніп келеді. Мұндай қатаң сүзгі елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, тура төрелік жасау үшін, азаматтардың сотқа, әділдікке деген сенімін нығайту үшін керек.

Судья – ақ пен қараны дәл таразылап, қос тарапты да риза ететіндей шешім шығару арқылы сот беделін биіктетеді. Бұған қоса, судьяның әр ісі, әр қадамы халықтың көз алдында, айнадағыдай ашық көрініп тұратынын ұмытпауымыз керек. Өзіне сенімді судья сырт көздің сынына мән бермейді. Дегенмен, әрбір судья сот отырысындағы өзін-өзі ұстауы, киім киісі, сөйлеу мәнері, қимыл-қозғалысы, дауыс ырғағы көпшілік назарында екенін ешқашан ұмытпауы керек. Судья тек сот залында ғана емес, қызметтен тыс уақытта да сот беделіне нұқсан келтіретін жат әдеттерден, кереғар іс-қимылдардын өзін де, жақындарын да шектегені абзал. Өйткені, теріс қылығымен, жаман әдетімен көпшілік көзіне түсіп, сын садағына ілінген судья бүкіл сот құрылымының беделін ақсатады. Осы ретте судьялардың Әдеп кодексінің маңызы зор.

Судьялардың Әдеп кодексін жаңа талапқа сай жасауға да осы қоғамдық қажеттілік, заманауи талап түрткі болған еді. Биылғы съезде судьялардың көпшілік дауысымен қабылданған бұл кодекс барша қазылар қауымының бағдарына айналары талассыз. Себебі, бұл құжатта судьялардың кәсіби біліктіліген бөлек, адами кескін-келбетіне, қоғамдағы орнына қатысты қадамдары барынша дәл нақтыланған. Әдеп кодексін тұғыр ету арқылы судьялар өзін жаман істен шектеп, сот беделін нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытында мерейлі межелерді бағындырарына ешқандай күмәніміз жоқ.

 Л.Ахметова, Алматы қаласы, Медеу аудандық сотының судьясы

Электрондық сервистердің ауқымын кеңейтуге басымдық берілуде

Сот әкімшілігі – сот жұмысының дұрыс ұйымдастырылуына, сапалы атқарылуына...

Алқабилерге де жауапкершілік бар

Сотқа алқабидің міндеттерін атқару үшін дәлелсіз себептермен келмеген азаматтың...

Татулық — ел тірегі

Татулық – қоғамның негізі, халықтың рухын көтеретін, мемлекетіміздің тұрақтылығы...

Алимент төлеуден жалтарғандарға жаза қандай

Кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан...

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...