12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылуы

Мемлекеттік тіл – ұлттық сананың ең басты кілті, сол себептенбұл мәселе аса маңызды және өзекті болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс –қимыл жоспарының 114-тармағында тілдік негізде кемсітушіліктің кез келген түрлеріне бір уақытта табанды қарсы тұрып, мемлекеттік тілдің одан әрі дамуы мен практикалық қолданылуын ынталандыру көзделген.

Мемлекет басшысы мемлекеттік тілге, қазақ тілінің рөлін күшейту қажеттілігіне ерекше мән береді.  

Сондай-ақ, мемлекеттік тіл ұлттың жан дүниесін, рухани негізін, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгі ретінде де қаралады. Сондықтан мемлекеттік тілді білу — тұрып жатырған сол елдің ұлтын сыйлау, сол мемлекет алдындағы жауаптылығыңның барын және сол мемлекетке деген сыйластығыңды көрсету деп түсінген жөн.

Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Конституциясының                    7-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi — қазақ тiлi.       Сонымен қатар, мемкеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады деп бекітілген. Ата Заңымыздың осы тармағын басқа ұлт өкілдеріне деген құрмет деп түсіну керек. Одан басқа тіл туралы арнайы заң қабылданған.

Заңдарымыз жақсы жазылған, десекте, неге тіліміз әлі өз мәртебесін ала алмауда. Сот ісін ресми тілде жүргізу кімдерге тиімді, неге олардың өзі үнсіздік танытуда деген сұрақтар туындайды.

 Қазіргі уақытта сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану аясы біршама өсіп келеді. Оған себеп — мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу мәселесі күн тәртібінен бір сәтке де түскен жоқ.

Статистикалық мәліметтер слайдта көрсетілген (2-5 слайд).

Ақтөбе облысының соттарының «Төрелік» ақпараттық жүйесінің статистикалық есебіне сәйкес, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу бойынша азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша 2024 жылдың 9 айында мемлекеттік тілде қаралған істер көрсеткіші келесідей:

2024 жылдың 9 айында мемлекеттік мекемелер 1395 рет талап қоюмен сотқа жүгінген, оның 605-сі мемлекеттік тілде, бұл 43,4 % құрап отыр.

Азаматтық істер бойынша мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу бойынша 2024 жылдың 9 айында барлығы 14 943 талап қоюлар сотқа түсіп, оның                        4241 мемлекеттік тілде қаралған, бұл аяқталған істердің 28 % құрайды.

Ал, әкімшілік істер бойынша 2024 жылдың 9 айында барлығы сотқа                  951 іс түсіп, оның 172-сі мемлекеттік тілде қаралған, бұл 18 % құрап отыр.

Ақтөбе облысы соттары мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу бойынша барлығы ағымдағы жылдың 9 айында 35021 іс қарап, оның 16998-сін мемлекеттік тілде қараса, бұл қаралған істердің 48,5 % құрағанын көрсетеді.

Осы жерде қазақ тілінің қолданылуының аясында кемшіліктердің барын ашық айтуымыз керек. Оған дәлел ретінде слайдта көрсетілген мәліметтер.

    Осы бағытта мемлекеттік органдар, адвокаттар мен заңгерлердің  қатысуымен өткізілген семинарлар, дөңгелек үстелдер және жергілікті басылымдарға шығарылған тіл мәселесі бойынша мақалалар тиісті нәтиже бермеуде (6 слайд)

Әрине, сот билігі — биліктің бір тармағы ретінде мемлекеттік тілдің дамытуға мүдделі. Дегенмен, процестік заңнама талаптарына сәйкес сот ісін жүргізу тілі талап қою берілген тілде іске асырылады.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 14 – бабына сәйкес азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал заңда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылады.

      Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Сол бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады. Істі сот талқылауына дайындау кезінде екі тараптың да жазбаша өтінішхаты бойынша сот ұйғарыммен сот ісін жүргізу тілін өзгертуге құқылы.

      Егер істі бірінші сатыдағы сотта қарауға дайындау барысында талап қоюшының өз өкілі талап қою берген тілді білмейтіні анықталса, онда сот талап қоюшының жазбаша өтінішхаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады (7-8 слайд).

Іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін іске қатысатын адамдарға аудармашының қызметтерін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, оларға қажетті іс материалдарының аудармасын тегін қамтамасыз етеді.

Сот практикасынан көрінгендей азаматтық және әкімшілік істер бойынша құқықтық көмек беретін адвокаттар мен  заңгерлер талап қоюды көбіне орыс тілінде әзірлейді. Сотқа келген азаматтардың сот процесі кезінде орыс тілінде ойын еркін жеткізе алмай жататыны кездері болады. Заңның сот ісін жүргізу тілін өзгенту туралы талабы түсіндірілсе де, көп жағдайда азаматтар өздерінің бұл құқықтарын қолданбайды, себебі өкілдері істің ресми тілде жүргізілгенін қалайды. Кәсіби құқықтық көмек көрсетуші заңгерлер сотқа берілетін арызды талап қоюшының өзі жетік меңгерген тілде әзірлесе деген тілек бар. Себебі жоғарыда атап өткендей, арыз берілген тілде істі қарау соттың міндеті болып табылады.

Екінші мәселе. Әкімшілік істер бойынша жеке және заңды тұлғалар әкімшілік органдарының шешімдеріне немесе әркеттеріне дау айтады. Біздің сотта салық, кеден, қоршаған ортаны қорғауға байланысты даулар  бойынша әкімшілік істер ресми тілде қаралады, себебі мемлекеттік органдар көп жағдайда тексеру, бақылау нәтижелерін ресми тілде рәсімдейді. Қазіргі таңда тек Еңбек инспекциясы, «Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» ММ-сі, «Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаменті» ММ-сі тексеру құжаттарын толық мемлекеттік тілде жүргізеді. 

Бүгінгі күні азаматтық және әкімшілік істердің мейлінше қазақ тілінде қаралуына басымдық беріліп отыр.

Аталған көрсеткішті көтеру үшін Ақтөбе облыстық соты барлық мемлекеттік органдарға ескерту хат жолдап, сотқа талап қоюларды тек мемлекеттік тілде жолдау сұраған болатын. Бұл шараның нәтиже бермеуіне байланысты жақын арада мемлекеттік органдармен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою жоспарланды.

Қылмыстық істер бойынша ағымдағы жылдың 9 айында Ақтөбе облысының соттары 1152 іс, соның ішінде 680 істі мемлекеттік тілде қараған, бұл 59 % құрап отыр.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот ісін мемлекеттік тілде жүргізуге сай 2024 жылдың 9 айында соттар 18909 іс қарап, оның 12 301 мемлекеттік тілде қараған, бұл 65 % құрап отыр.

Жоғарыда көзделген іс-шаралардан нәтиже бар, себебі қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істер сотқа мемлекеттік тілде түсіп, сот ісін қарау көрсеткіші жыл сайын өсіп келеді.

Мемлекеттік тіл мәселесі Ақтөбе облыстық сотының үнемі назарында, себебі бұған дейін құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік мекемелермен бірлесіп 2019 жылы ұйымдастырылған дөңгелек үстелде Ақтөбе облыстық соты, құқық қорғау, прокуратура, адвокатура органдары, облыстық әкімат жанындағы Мемлекетті тілді дамыту басқармасы арасында сот өндірісі тілінің (мемлекеттік тіл) қатаң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында меморандум қабылдады. Сонымен қатар, бұл дөңгелек үстелде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалардың да азаматтың ұлтына қарай қазақ тілінде толтырылуы тапсырған болатын.

Қабылданған меморандумның нәтижесінде қылмыстық істер бойынша көрсеткіштер едәуір көтеріліп келеді. Бұны, статистикалық деректерден байқауға болады.

Тіл мәселесі біздің бір күндік немесе бір кезеңдік іс-шарамыз емес, тәуелсіздігіміз тұғырлы болу жолындағы негізгі, басты бағыттардың бірі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы, ортақ мақсатқа жетелеуші –жол көрсеткіші екендігін әрдайым есте ұстай отырып, осы қозғалып отырған мәселе бойынша жергілікті атқарушы органдардың басшыларына сотқа талап қоюмен тек қазақ тілінде жүгінуді жүктеу қажет.

Қазақстанның әр азаматы өзінің өміріндегі мұратына жету үшін мемлекеттік тілді білу керек екеніне, онсыз мансабының өспейтініне көзі жеткенде ғана серпіліс болады деп есептеймін.

Ақтөбе облысының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Ж.А.Султанова

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...