Шерзат Болаттың өлімі: 5 бап бойынша тергеу жүріп жатыр

ІІМ 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу барысы туралы хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу бес бап бойынша жүргізіліп жатыр — ҚР ҚК-ның 99-бабы, 2-бөлімі («Адам өлтіру»), 293-бабы, 3-бөлімі («Бұзақылық»), 115-бабы («Қорқыту»), 432-бабы («Қылмысты жасырып қалу») және 434-бабы («Қылмыс туралы хабарламау») бойынша.

«Тергеу барысы менің жеке бақылауымда, оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлері де жұмыс істеп жатыр. Басында әлеуметтік желілерде оқиғаның себептері туралы анық емес ақпараттың кеңінен таралуына байланысты министрлік белгіленген тәртіппен (Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес) 15 қазанда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді, онда тергеудің кейбір деректері жарияланды», — деді ІІМ басшысы Ержан Сәденов депутаттық сауалға жауабында.

Ол қазіргі уақытта адам өлтірді деген күдікпен 8 адам, ал қылмыс туралы хабарламау туралы бап бойынша 3 адам соттың санкциясымен қамауға алынғанын еске салды.

«Тергеу жалғасып жатыр, оның барысында оқиға орнында болған басқа адамдардың қатысуы тексеріліп, олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Жалпы, қазіргі уақытта елдегі криминогендік жағдай тұрақты, ішкі істер органдары Президенттің құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр», — деп толықтырды Сәденов.

Еске салайық, 4 қазанға қараған түні Талғарда жасөспірім айуандықпен өлтірілген. 16 жастағы Шерзат Болат дүкенде әкесіне көмектесіп жүрген, осы кезде тұтынушымен жанжал басталған. Сатып алушы достарына телефон соғып, олар келіп Шерзатты пышақтап, басына мылтықпен ұрған. Жанжал кезінде Шерзаттың әкесі, ағасы да соққыға жығылған. Шерзат Болатты әкесі ауруханаға жеткізген, бірақ оны құтқару мүмкін болмады.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.