Электрсамокат мінген балалар: Қазақстанда 130 ата-ана жазаланды

Ішкі істер министрлігі электрсамокаттарға қатысты құқық бұзушылық статистикасын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл электрсамокат жүргізушілері жасаған 41,6 мыңнан аса құқық бұзушылық анықталған, оның ішінде мас күйінде жүргізу — 9 дерек, жалпы пайдаланымдағы жолдарда балалардың электрсамокат жүргізуіне жол берегені үшін 130 ата-ана жауапқа тартылғаны хабарланды.

«Алайда, жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары мен құқық қолдану практикасына қарамастан, электрсамокаттардың жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты жағдай әлі де күрделі болып отыр. Биылғы 9 айда электрсамокаттардың қатысуымен 144 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 2 адам қаза тауып, 136 адам жарақат алды. Электрсамокаттардың жүргізушілері кінәсінен 24 ЖКО болып, 1 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды», — делінген ведомствоның редакцияның сұрауына берген жауабында.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.