Биыл халық әртісі атағын кімдер алды?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өркендеуіне үлес қосқан азаматтарды марапаттады. «Қазақстанның халық әртісі» атағын алғандардың қатарында Лидия Кәден, Секен Тұрысбек, Майра Мұхамедқызы сияқты өнер иелері бар, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Қазақстанның халық жазушысы» атағын ақын-жазушылар арасынан Т.Медетбек, В.Михайлов және И.Сапарбай алды. 

Сонымен қатар Алматы қаласындағы «Балдәурен» балаларды оңалту орталығы» КМК директоры Ш.Абесов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Р.Бектұров, Астана қалалық Жас көрермендер театрының актрисасы С.Еслямова, скрипкашы Ж.Серкебаева, Қосшы қаласындағы мектеп-гимназияның директоры Д.Асқарова «Құрмет» орденімен марапатталды. 

Жоғарыда аталған «Қазақстанның халық әртісі» атағы театр және кино актерлері К.Жұмабековке, Л.Кәденге, О.Коржеваға, И.Лебсакқа, Р.Махпироваға, Г.Шынтемірге және Ә.Ыдырышевқа, опера әншілері М.Мұхамедқызы мен Ж.Баспақоваға, дирижер А.Мұхитдинов пен күйші С.Тұрысбекке, М.Ілиясоваға берілді.

Бұдан бөлек, өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да өндіріс салаларының жұмысшылары мен еңбеккерлері ІІ және ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін алды.

Одан бөлек, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым және мәдениеттің көрнекті өкілдеріне берілді.

Айта кетейік, осы жылдан бастап «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағы да берілетін болды.

Жаңа атаққа «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» акционерлік қоғамының бас директоры А.Байгенжин, «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі гематология орталығының басшысы В.Кемайкин және Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының дәрігері Б.Цхай ие болды.

Аида Балаева Джеки Чанға мәдени байланысқа қосқан үлесі үшін алғыс айтты 

Балаева Джеки Чанды Қазақстандағы түсірілімнің басталуымен құттықтады.

Жұмыссыз қалғандарға қолдау: Жәрдемақыдан бөлек қандай мүмкіндіктер бар? 

Қазақстанда жұмыстан айырылу бұрынғыдай тек табыссыз қалу дегенді білдірмейді. Соңғы жылдары мемлекет азаматтарды уақытша қаржылай қолдап қана қоймай, оларды қайта еңбек нарығына бейімдеуге бағытталған бірнеше тетікті қатар іске асырып келеді.

Партиялар съезі саяси айқасқа айналды: Кім кімді ашық сынап жатыр?  

Партия съездері тек бағдарламалық құжаттарды бекіту алаңы ғана емес, саяси күштердің бір-біріне ұстанымын ашық көрсететін мінберге айналды.

Alatau City «жасыл» технологияларды енгізетін пилоттық алаңға айналуы мүмкін 

Кездесу қорытындысында тараптар ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға мүдделі екенін растап, инвестициялық жобаларды нақты пысықтау жұмыстарын жалғастыруға келісті.

Елімізде психологтардың кәсіби қызметіне бірыңғай талап енгізіледі

Қазіргі уақытта министрлік қажетті нормативтік құқықтық базаны әзірлеп жатыр.