ІІМ-де Дәулет Тұрлыхановтың ұлына байланысты қызметтік тергеу жүргізілді

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың ісіне қатысты пікір білдірді. Сотталушы пробациялық бақылауды бұзғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында журналистер ІІМ басшысының орынбасарынан пробациялық бақылаудың орындалуын қадағалауға тиіс қызметкерлерге қатысты тексеру жүргізіле ме, жоқ па деген сұрақ қойды.

«Біз бұл іс бойынша қызметтік тексеру жүргіздік. Қатаң шаралар қолданылды, қызметкерлер жазаланды», — деді Лепеха.

Еске салайық, тамызда желіде Нұрасыл Болаттың үйінде пробациялық бақылауда болуы керек уақытында қаланы аралап жүргені түсірілген видео пайда болды. ҚАЖК ішкі тексерісті бастағаны туралы айтылған болатын.

Кейін Алматыда Медеу аудандық №2 сотының шешімі бойынша, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы – Нұрасыл Болаттың бас бостандығын шектеу жазасы ауыстырылды. Сот Нұрасыл Болаттың бас бостандығын шектеу түріндегі өтелмеген жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру қажет деп тапты.

Бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққаны хабарланған. Бұл оқиға 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің маңындағы паркингте болған. Іс қоғамдық дау тудырды.

Бұл оқиға туралы адвокат Олег Черновтың әйелі Анна Дмитриевич Facebook-парақшасында жазған. Олар таксиге отыра бергенде бір жігіт жүгіріп келіп, соққыға жығылған қызға көмектесуін сұраған.

Ал кейін адвокатты соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты. Бұл ақпаратты Тұрлыхановтың өзі растаған болатын. Ол ұлына қатысты дауға көзқарасын білдіріп, кешірім сұрады.

9 қазанда сот Нұрасыл Болатты өзіне тағылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 1 700 000 теңге көлемінде айыппұл салды. 2024 жылғы 14 мамырда Жоғарғы Сот істі кассациялық тәртіпте қарап, үкімді өзгертті. Тұрлыхановтың ұлына екі жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, өтемақы мөлшері ұлғайтылды.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.