Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері кәсіпкерлермен жұмыс кездесуін өткізді

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №14 мекеме басшылығы жеке кәсіпкерлермен Ұлттық ұлан өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында жеке кәсіпкерлердің өндірістік аймағындағы туындаған негізгі проблемалық мәселелер қарастырылып, тиісті шешімдер қабылданды.

Басты мәселелер қатарында мереке және демалыс күндері жұмысқа шығатын сотталғандарға еңбекақы төленуі, сондай-ақ жұмыс кестесінен тыс уақытқа жұмыста қалған сотталғандарға қосымша жалақы төлеу мәселесі.

Одан басқа, өндірістік аймақтағы көрінбейтін  жерлерге қосымша бейнебақылау камераларын орнату, су құбырларына есептегіш орнату, өрт қауіпсіздігі, тыйым салынған заттарды өткізуге жол бермеу мәселелері де көтерілді.

«Іс-шара ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтандырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған»,- деп атап өтті мекеме бастығының м.а. Сергей Ким.

Кассациялық сот – маңызды реформа

Кассациялық сот – соттардың заңды дұрыс қолдануын тексеретін жоғарғы...

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – басты міндет!

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық...

Апостиль – ресми құжаттарға қойылатын мөртаңба.

Апостиль – бұл жай ғана мөр емес. Ол –...

Ко Дню Астаны в учреждении средней безопасности области Абай состоялась выставка изделий осужденных

В учреждении средней безопасности, приуроченная ко Дню Астаны, состоялась...