12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Дербес кассациялық соттар

Дербес кассациялық соттар – сот өндірісінің жоғары сатысы, олар алдыңғы инстанциялар қабылдаған шешімдердің заңдылығы мен негізділігін тексереді. Мұндай соттарды құрудың басты мақсаты – шешімдердің объективтілігін қамтамасыз етіп, сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту.

Құқықтық мемлекет құру жолындағы кез келген елдің негізгі міндеттерінің бірі – әділ сот жүйесін жетілдіру, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және сот төрелігінің тиімділігін арттыру. Осы мақсатта Қазақстан Республикасында сот жүйесіне елеулі реформалар жүргізіліп келеді. Соның ішінде дербес кассациялық соттарды құру жөніндегі іс-шаралар жоспары – сот төрелігін жетілдіруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Бұл бастама сот төрелігінің сапасын арттыруға, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға бағытталған.

Іс-шаралар жоспары бірнеше негізгі бағытты қамтиды: заңнамалық өзгерістер енгізу, судьяларды оқыту, инфрақұрылымды дамыту және халықпен кері байланыс орнату. Бұл жоспарды жүзеге асыру сот өндірісінің ашықтығын арттырып, құқықтық қорғауды күшейтеді.

Кассациялық соттардың дербес құрылуы бірнеше маңызды артықшылықтар береді:

1. Сот жүйесінің тәуелсіздігі мен әділдігі артады. Кассациялық соттардың дербестігі судьялардың шешім қабылдаудағы тәуелсіздігін күшейтеді, бұл әділ шешімдер қабылдауға негіз болады.

2. Процесстердің ашықтығы мен қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. Кассациялық соттардың дербес болуы сот отырыстарының ашықтығын арттырып, азаматтардың процестерге қатысуын жеңілдетеді.

3. Сот өндірісінің сапасы жоғарылайды. Судьялардың мамандану деңгейінің артуы және іс жүргізу процесстерінің оңтайландырылуы сот шешімдерінің сапасын жақсартады.

Дербес кассациялық соттарды құру жөніндегі іс-шаралар жоспары Қазақстанның сот жүйесін халықаралық стандарттарға жақындатуға бағытталған батыл әрі маңызды қадам. Бұл реформа сот төрелігінің ашықтығын, әділдігін және қолжетімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, елдің құқықтық жүйесінің жалпы деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Сот жүйесіне енгізілетін бұл өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтеді, заң үстемдігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

                                                             Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының судьясы А.Г.Жамангараева

Сандық технология сот жүйесінде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қыркүйек айында «Жасанды интеллект...

Сот жүйесіндегі сандық технология

Еліміздің сот жүйесі ең алғашқылардың бірі болып сандық...

Тіл – тұрақтылық кепілі

Халқымыздың біртуар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Біздің заманда өз тілін,...

Судья әдебі ережелерін қатаң сақтау сот беделін нығайтады

Судья әділдіктің айнасы, тура төреліктің кепілі, заң үстемдігінің символы...

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеру және әкімшілік істерге дау айту мәселелері

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасы еркін бәсекелестік қағидаларына негізделген. Бәсекелестікті...