Сапалы қызмет алу — әрбір азаматтың құқығы

Әрбір азамат сапалы қызмет алуға құқылы, бұл жағдайда біз мемлекеттік қызметтер туралы айтып отырмыз. Мемлекеттік қызметтер туралы айтатын болсақ, біз мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімінде көзделген қызметтердің саны бүгінгі күні шамамен 1327  және ол тұрақты өзгеру динамикасында.

Әрбір қызмет үшін қызмет көрсету тәртібін, мерзімдерін, көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтерді, ұсынылатын құжаттардың тізбесін және бас тарту негіздерін реттейтін мемлекеттік қызмет көрсетудің арнайы қағидалары әзірленді. Барлығы заңнамалық тұрғыдан нақты белгіленгені сияқты  қызмет көрсетушілер осы ережелерді қатаң сақтауы керек.

Бірақ, бұл нормалар әрдайым сақтала бермейді: қызмет көрсету мерзімдерін бұзылуы, артық құжаттарды талап ету жағдайлары, қызмет көрсетудің бизнес-процесі бұзылуы орын алады, негізсіз бас тартулар беріледі. Сонымен бірге, халық моральдық наразылықты ғана емес, тәжірибе көрсеткендей нәтижесінде бұзылған мәмілелер, уақытты жоғалту, жұмсалған қаражат және т. б.

Жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, азаматтардың өздері бұл бұзушылықтар туралы  білмейді  және әрдайым байқамайды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осы бағыттағы жұмыстың жай-күйін қашықтан мониторингтеу жүйесі нақты уақыт режимінде қандай да бір қызмет көрсету үдерісін, мерзімдерін және бар бұзушылықтарды қадағалауға, сол арқылы бұзушылықтарды болдырмауға бағытталған тиісті алдын алу іс-шараларына жедел ден қоюға және жүргізуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, заң шығарушы көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық ресурстарды өзектендіре отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушыларды хабардар ету міндетін нақты айқындайды, алайда барлық көрсетілетін қызметті берушілер интернет-ресурстардағы өз парақшаларын сапалы толтырылуын қадағаламайды. Көбінесе қашықтықтан бақылау кезінде күші жойылған қолданылатын актілерге сілтеме жасалатындығы кездеседі.

Бірақ, біз орналастырылған ақпараттың қолжетімділігі мен өзектілігі туралы айтып отырмыз, осыған байланысты біз мемлекеттік орган, байланыс деректері, құрылымның дұрыс және толық атауы, орындалатын функциялар және жүргізіліп жатқан жұмыс туралы мәліметтерге түзетулер енгізуді талап етеміз.

Өйткені, белгілі бір мемлекеттік органға немесе көрсетілетін қызметті берушіге шағыммен, ұсыныспен жүгінгісі келетін әрбір көрсетілетін қызметті алушының кері қайтарып алуды жіберу үшін толық және егжей-тегжейлі ақпарат алуға құқығы бар.

Атап айтқанда, қаланың 170 мектебінің сайттарын қашықтықтан бақылау барысында, бірқатар күші жойылған нормативті-құқықтық актілер бар екендігін көрсетті, нәтижесінде кінәлі тұлғалар жазаланды.

Қоғам өкілдерінің қатысуымен  8 мемлекеттік органға қоғамдық мониторинг жүргізіліп, нәтижелері бойынша 271 бұзушылық анықталды. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алғысы келетін барлық азаматтар үшін қызметтердің қолжетімділігі тексерілді. Қолжетімділік ғимаратқа кіруден басталып, қызмет көрсету процесін аяқталуына және қызметтерді сапалы алу үшін жағдайлардың жасалуына назар салынды. Аталған бұзушылықтар ХҚКО филиалдарында және жекелеген мемлекеттік органдарда орын алды.

Мұндай бақылау шараларын Департамент тұрақты негізде жүргізеді және оның мақсаты — барлық азаматтарға мемлекеттік қызметтерді қарапайым, жедел және қолжетімді алуға мүмкіндік беру.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ш.Әлімхан

Мемлекеттік қызметкердің әдеп және мінез-құлық нормалары

Қоғамның мемлекетке деген сенімі көбінесе мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігіне...

Сот жүйесіндегі жасанды интеллекттің рөлі

Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік басқарудың барлық...

Сотқа шақыру қағаздарын жіберу тәртібі

Сотқа шақыру қағазы — соттың тараптарды (талапкер, жауапкер, куә,...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТ КӨРМЕСІНЕ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Өңірлік...

АПОСТИЛЬ – ҚҰЖАТТАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТАНУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмыс істеуі,...