Халықаралық аспаз күні 20 қазанда атап өтіледі Аспаздардың кәсіби мерекесі 2004 жылы құрылды. Бастамашысы — аспаздық өнердің құрметті докторы, танымал аспаз және бизнесмен, Дүниежүзілік аспаз қауымдастығын басқарған Билли Галлахер. Аспаздар күні қарсаңында Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінің асхана меңгерушісі Марина Каракулованың басшылығымен сотталған азаматшаларға арналған асханасында жұмыс жасайтын сотталған азаматшаларды мекеме басшысы қызметтеріне сәттілік тілеп, мерекемен құттықтап алғыс хатпен марапаттады.