12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Pеспублика күні — тәуелсіздік пен бірліктің символы

Қазақстан Pеспубликасының күні – еліміздің тарихындағы ерекше  маңызға ие мереке. Бұл  күн Қазақстан халқына ұлттық бірлік, достық және еркіндік сезімін сыйлайды. Республика күні – біз үшін тек мемлекеттік мереке емес, сонымен қатар тарихымызды, мәдениетімізді және болашағымызды бағалау мүмкіндігі.

Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуі – ғасырлар бойы жалғасқан арманның жүзеге асуы. Таpихымызда небір зұлмат пен нәубет , соғыс пен саяси қуғын-сүргінді бастан өткерген халқымыз, бүгінгі таңда өркендеген, бейбіт, көпэтносты қоғамды қалыптастырды. Pеспублика күні – осы жолда бізге қолдау көрсеткен, болашағымыз үшін күрескен сол жолда жан алысып, жан берген, етігімен су кешіп, ауыздығымен алысқан, аттың жалы, түйенің қомында жүріп қазақ халқының тұтастығы мен бірлігін сақтаған ата-бабаларымыздың рухына тағзым етуіміздің белгісі.

Меpеке күні еліміздің бaрлық өңірлерінде ел айбынын асырып, мәртебесін биіктетер, мерейін көтеріп елдігімізді  көрсететін  түрлі  шаралар  өтеді. Халық  ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті жаңғыртып, өнерді өрістетіп, қазақ даласының кеңдігін паш етеді.  Қазақтың халық әндері мен биі, ұлттық тағамдары мерекенің сәнін келтіреді. Бұл күн – жастар мен егде буынның бірлесе отырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтап, даналығымызды  дәріптейтін сәт.

Республика күні – еліміздің бағындырған биігін, жеткен жетістіктерін атап өтудің, даму мен өсуді көрсету мен болашаққа жоспар құрудың сәті. Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлі жылдан-жылға артып келеді. Бүгінде Қазақстан – әлемдік қауымдастықтың белді мүшесі, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жолында маңызды бастамаларды ұсынуда. Біздің еліміз бейбітшілікті, келісімді және өзара түсіністікті насихаттайтын алаң болып табылады.

Бұл күні біз еліміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз. Қазақстанның экономикасы, әлеуметтік саласы, мәдениеті және ғылымы қарқынды дамып келеді. Бүгінде жастардың жаңа буыны еліміздің болашағы үшін жауапкершілікті сезінеді. Олар жаңа идеялармен, шығармашылықпен және ынта-жігермен еліміздің дамуына үлес қосуда.

Республика күні – бұл біздің бай таpихымыз, мәдениетіміз, тіліміз бен дінімізді сақтауға, құрметтеуге арналған мереке. Бұл – біздің біpлігіміз бен тәуелсіздігіміздің, өзіміздің ұлт pетінде қалыптасуымыздың символы. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін бұл күн ерекше, әрі қасиетті. Баршаңызды Республика күнімен құттықтай отырып, еліміздің ертеңі  елеулі,  болашағы баянды, келешегі жарқын болсын дейміз!

Қонысбай Б.М

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының PhD докторы

Дені саудың — жаны сау!

    БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылы қабылдаған Тұрақты даму...

ҚазҰУ Заң факультеті: Қазақстандағы құқықтық білімнің флагманы

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультеті Қазақстанның ең...

Мемлекеттік тіл мерейім!

Мемлекеттік тілге деген құрмет ауыз екі тілде қазақша таза...

Қызылорда да сотталғандар ұлттық ойыннан сынға түсті

Қылмыстық-атқару саласына қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар...

СИЛА ЖЕНЩИНЫ: ПОБЕЖДАТЬ, ВДОХНОВЛЯТЬ, ЖИТЬ

19 ноября в Алматы в рамках проекта «Розовый октябрь»...