Түркістан облысында полиция заңсыз көші-қон арналарын анықтап, іздеуде жүрген 9 шетелдікті ұстады

Ағымдағы жылы Түркістан облысы Полиция департаментінің жедел қызметінің полицейлері бірқатар қылмыстық топтар мен заңсыз көші-қон арналарының жолын кесіп, іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады.

Нақтырақ айтсақ, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы шетелдіктерге мемлекеттік шекараны кесіп өтіп, құжаттарды қолдан жасау арқылы көмек көрсеткен адамдар тобын ұстады. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 5 тұрғыны күдікті болып шықты, олардың екеуі бұрын сотталған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ көрші мемлекеттің 10 азаматына шекарадан өтуге көмектескен Сарыағаш ауданының екі тұрғыны анықталды. Ұсталған шетелдіктер көші-қон заңын өрескел бұзған.

Сонымен қатар биыл облыс департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы көрші мемлекеттер іздеген 9 қылмысқа күдікті қылмыскерлерді ұстады. 3 шетелдікке қатысты Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қасақана кесіп өту фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мәселен 2021 жылдан бастап өз Отанында бас бостандығынан айыру жазасынан қашқаны үшін халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды. Ол мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен.

Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен Түркістан облысы бойынша ҰҚКД шекара қызметі бірлесе отырып, шекараны кесіп өтпек болып қылмыс жасағаны үшін 2017 жылдан бері іздеуде жүрген көрші мемлекеттің тағы бір азаматын ұстады. Барлық анықталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, заңда көзделген шаралар қабылданды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері заңсыз көші-қон арналарын анықтау және жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...