Алматы қаласының ҚАЖ Департаментіне қарасты №11 мекемесінде тәрбие жұмысын нығайтуға байланысты, 2024 жылға арналған арнайы контингент арасында суицид фактілерін болдырмау жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралар жоспарының орындалуына байланысты, кәмелетке толмаған жазасын өтеушілерге, мекеме психологы әділет капитаны А.Искакованың ұйымдастыруымен «Нашақорлық-қоғамдық дерт және психикалық ауытқулардың алдын- алу» туралы тақырыпта іс-шара өтті.
Іс шараға Эпидемиолог дәрігер Таласпаев Сейілхан Темирханович және фельшер Малбекова С.К. медбике Ботантаева Н.С. кәмелетке толмаған жазасын өтеушілермен дәрігер мамандар Елбасының Қазақстан халқына жолдауында жаңа ғасырдың негізгі міндеттерінің бірі- жастардың денсаулығы екені көрсетіліп, оның маңыздылығы дана халқымыздың Тазалық-денсаулық кепілі және ішкілікке, нашақорлыққа салыну жеке адамның денсаулығына зиян келтірмейді, қоғамдық тәртіптің бұзылуына және қылмысқа жол ашатынын түсіндіріп және ондай жаман әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстауға үгіт насихат жұмыстар жүргізілді. Дәрігер мамандар соңында жазалы жасөспірімдер өздеріне қажетті сұрақтарын қойып, мамандардан жауаптар алды.
Іс-шараның мақсаты: Жастар арасында құқық бұзушылықты алдын-алу бойынша сотталғандармен психологиялық жұмыс жүргізу. Стресске төзімділікті ынталандыру, және зорлық-зомбылықтың алдын алу. Тұлғаларды өзара қарым-қатынас мәдениеттін дамыту, әлеуметтік-психологиялық ахуалды жандандыру, бүлдіргіш мінез-құлықты және төтенше оқиғаларды алдын алу мақсатында өтті. Жасөспірімдерді қайтадан қылымыстық жолға түспеуіне және өздерін ұстай білуге, өзіне сену қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
№11 мекеме Еркегүл Жеңісхан