Шерзат Болаттың өлімі: ІІМ-ге күдіктілер туралы не белгілі?

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысы бар күдіктілер туралы мәліметтерді айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ӨКҚ брифингінде Аленов бұған дейін БАҚ-та жазылған «Хуторские» ҰҚТ ішкі істер органдарында есепте жоқ екенін мәлімдеді.

«Хуторские» ҰҚТ делінген, бізде ондай есепте жоқ. Осы істің аясында ұсталғандардың портретін қысқаша, тіпті ауызша таныстыра аламын. Екеуі ипподромда тұрақты жұмыс істейді, бірі Шымбұлақта жұмысшы, екіншісі «Ақбұлақта» күзетші, екеуі сұлулық салонында жұмыс істейді», — деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ, олардың бәрі кәмілет жасқа толғаны айтылды. Олардың әрқайсының бір-бірімен байланысы мұқият тексерілетінін қосты.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.