Қайта жүктеу: «Экологиялық тәрбие»

Алматы қаласы Білім басқармасының «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» және Алатау білім бөлімі КМҚК №76 бөбекжай-балабақшасында Қайта жүктеу:»Халықаралық деңгей» жоспарына сәйкес шетелде тағлымдамадан өткен басшылардың іс-тәжірибе тарату алаңы бойынша семинар өтті.

Бұл семинарға Алатау ауданына қарасты балабақшалардың тәрбиешілері қатысып, №76 бөбекжай-балабақшасының жобасымен танысып іс-тәжірибе алмасты.

«Экологиялық тәрбие» тақырыбы бойынша №76 бөбекжай-балабақша тәрбиеленушілері бидай мен жүгеріні өндіру бойынша зертханалық жұмыстар жүргізіп жатыр екен.
Кішкентай тамшылату арқылы «жылыжайда» бұрышты ұрығынан өндіріп, бақылап, ары қарай жерге отырғызу бойынша жұмыстар жасалынынған.


Сонымен қатар,әр-түрлі көкөністер: сәбіз, қызанақ, асқабақ, қызылша, шалғам (редиска) өсірілуде. Балабақша гидропонетикалық өсіруді де қолға алған. «Гидропонетика»- ол топырақсыз су арқылы өсіретін құрал.

Бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі екенін байқадық.


Балабақшада экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты сайыстар ұйымдастырылып, ата-аналар мен тәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде жасалған табиғат бұрышы және тірі табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылған.
Жыл бойына ересек және мектепалды топтарының балалары «Жасыл зертханаларда» жұмыс істейді.


Ең қызықты сәттер – балалар өздерінің «жұмыстарына» құлшыныспен кірісіп, өсімдіктер туралы бақылауларымен бөліскен кездерін айтуға болады.

Семинар қатысушылары
№76 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі мен ұжымына өз алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

Табиғат-адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктің бастауы. Адамзаттың басты міндеті   табиғи қуат көздерін орнымен пайдалану, табиғат әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру, мейірімділік нұрын шашу екенін ұмытпайтындай экологиялық тәрбие беру- болашақ кепілі.

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...