12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстандықтар келесі жылдан бастап еңбек шартын цифрлы форматта жасайды

Мәжіліс кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еңбек және ұжымдық келісімдер жасау туралы заң жобасы цифрлық форматта әзірленгенін мәлімдеді. Бұл қадам еңбек қатынастарын жария етуді көздейді және кәсіподақтар үшін автоматтандырылған жұмыс орнын енгізу арқылы жүзеге асады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Біріншіден, еңбек және ұжымдық келісімдерді цифрлық форматта жасауға көшу жоспарда, кәсіподақтар үшін автоматтандырылған жұмыс орны енгізіледі. Тиісті заң жобасы әзірленді және ағымдағы жылы қарауға енеді. Айта кету керек, пилоттық режимде 8,7 мыңнан астам еңбек келісімдері электрондық форматта жасалды», – деп атап өтті ол. 

Оның айтуынша, ақпараттық жүйеге жұмысшылардың құқықтарын қорғауға көмектесетін сегіз мың ұжымдық келісім туралы деректер енгізілген.

«Екіншіден, электронды штаттық кесте жобасы жүзеге асырылуда – бұл еңбек қатынастарын декларациялау функционалы, ақпараттық жүйелерде барлық жұмыс орындарының кодталуын енгізуді қамтиды. Бұл құрал еңбек ресурстарын дәл есепке алуға, жұмыс орындарын құру және еңбек жағдайларын қалыптастыру, жеке қорғау құралдарымен және әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етуді бақылауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, платформалық жұмыспен қамтуды заңнамалық тұрғыдан реттеу енгізілді, бұл оңайлатылған тіркеу процедурасын қамтиды. Пилоттық жоба аясында 19 мыңнан астам такси жүргізушісі қосылды және 20 миллионнан астам фискалдық чек берілді», – деп толықтырды министр.

Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдай ушығуына байланысты тапсырма берді.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЗЫҒЫ БОЛМАУЫ ТИІС

Қазақ халқының дәстүрінде қайырымдылық пен жомарттық ерекше орын алады. Жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпай, мұқтажға қол ұшын созу – ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі. Алайда соңғы уақытта қайырымдылық саласында орын алған кейбір келеңсіз оқиғалар осы түсініктерге қаяу түсірді.

Что угрожает единству общества? 

Депутат Мажилиса Парламента подозревает некие скрытые силы в проведении целенаправленной кампании по дестабилизации политической ситуации в стране с использованием социальных сетей и других онлайн-платформ.

Елімізде қаңтардағы демалыс күні ауыстырылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.

Депутат мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мектеп бағдарламасына балалар Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын зерттейтін жаңа пән енгізуді ұсынды.