Елордалық тергеу изоляторларында ашық есік күні өтті

Әлеуметтік-пайдалы байланыстарды қолдау, құқыққа бағынысты мінез-құлықты ынталандыру, тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатында Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің тергеу изоляторында 2024 жылғы 12 қазанда ашық есік күні өткізілді. Бұл күні мекемеге шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қалдырылған сотталғандардың туысқандары да келді. Кейбіреулері Қазақстанның басқа өңірлерінен келді. Мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет капитаны Данияр Қабиболлаевич Ахметовқа құттықтау сөз берілді. Сотталғандардың туыстары мекеме әкімшілігінің қызметкерлеріне кездесуге, әңгімелесуге, сондай-ақ өз туыстарының қауіпсіздігіне көз жеткізуге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді. Кездесу барысында шай ішу ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты сотталғандардың туыстары мен мекеме әкімшілігі арасында сенімді қарым-қатынас орнату, сотталғандарға моральдық-психологиялық қолдау көрсету және өмірге дұрыс көзқарас қалыптастыру болып табылады. Осындай іс-шараларды өткізу сотталғандарды түзелуге, тезірек босатылуға және туыстарына оралуға ынталандырады.

Әкімшілік сот төрелігінің принциптері

Қазақстандық сот жүйесінің заңдылық нормаларына сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған...

Сот мекемелерінде мемлекеттік тілдің қолданылуы – уақыт талабы

Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бері мемлекеттік тілдің қолданыс...

ҚАЖ қызметкерлері спорттық тимбилдинг өткізді

Абай облысында қауіпсіздігі ең төмен мекемесінің қызметкерлері жеке құрам...

Сотрудники УИС провели спортивный тимбилдинг

В области Абай сотрудники учреждения минимальной безопасности провели среди...