Елімізде жедел жәрдем қызметкерлері қалай қорғалған?

Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем қызметкерлеріне жасалған шабуылдардың көбеюіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомствода бүгінгі күні жедел медициналық жәрдем қызметкерлері Еңбек кодексінің нормаларымен қорғалғанын еске салды.

«Атап айтқанда, Еңбек кодексінің 22-бабы 1-тармағының 12-тармақшасына сәйкес қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға құқылы, сондай-ақ дәрігерлерге физикалық зорлық-зомбылық жасалған жағдайда қолданыстағы заңнаманың жалпы ережелері қолданылады», – деп жауап берді министрлік Tengrinews.kz сұрауына.

Министрлік Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» және «ұрып-соғу» баптарының немесе ауыр немесе орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіру, зорлық-зомбылық қолдану арқылы қорқыту мен бұзақылық жағдайында Қылмыстық кодекс ережесінің қолданылатынын еске салды.

«Бүгінгі күні Денсаулық сақтау министрлігі қылмыстық заңнама шеңберінде қызметтегі медицина қызметкерлерінің мәртебесін құқық қорғау органдарының мәртебесіне теңестіру жөніндегі норманы сақтау жұмысын жалғастырып жатыр және медицина қызметкерлеріне, жедел жәрдем жүргізушілеріне, сондай-ақ қабылдау бөлмелерінің қызметкерлеріне шабуыл жасау жағдайларының жиілеуіне байланысты осы ұстанымын сақтайды», – деп хабарлады ведомствода.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.