Тіл – ұлттың жаны, халықтың асыл бейнесі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Тіл – ең асыл құндылық. Тіл — ең керемет қатынас құралы. Ана тілінің қадір — қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды.
Тіл — халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін – келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін — ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің қасиетті мұрамыз, ана тіліміз — қазақ тілі. Қазақ тілі – әлемдегі мағынасы көп, тілдердің ішіндегі ең бай, көркем, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл.
Тіл – қашанда ұлттың ұйтқысы. Сөзі өз тілінде шыққан халықтың егемендігі баянды, тұғыры қашан да биік. Қазіргі кезде мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі маңызы мен салмағы күн санап арта түсуде. Жас ұрпақтың тілі ана тілінде шығып, қазақ тілінде білім алуына, басқа да тілдерді жетік меңгеруіне толық мүмкіндік те бар. Өз тіліне деген сүйіспеншілік пен құрмет бала кезден басталуы керек. Айналадағы адамдарға, өзінің өскен ортасына, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарастың бастауын да сол туған тілімізден аламыз. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының даму құралы.
Тіл тұтастығын жоғалтып алсақ оны қайта құрастырушы халық. Қазақ тілі жеке бір қазақ адамның тілі емес, барша мемлекеттің ортақ тілі. Біз өз тіліміздің қаншалықты бай екендігін өзгелердің көзінше қиналмай-ақ жеткізе аламыз. Таза, мәнерлеп, сөздің майын тамыза сөйлеу арқылы сен өз тіліңді қандай дәрежеде құрметтейтініңді дәлелдей аласың. Тарихымыз, өткеніміз қаншалықты құнды болса, тіліміз де соншалықты құнды болмақ.
Тараз қаласының
мамандандырылған тергеу сотының
бас маман- сот отырысының хатшысы
Р. Манапов