Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы Қарағанды облысының Рудник (қазір Жезқазған) кентінде дүниеге келген. Мамандығы бойынша — тарих және қоғамтану оқытушысы. 1989 жылы еңбек жолын бастап, Қарағанды облыстық балалар кітапханасында кітапханашы болып бастаған.

Еске салайық, Берік Әбдіғалиұлы 2022 жылы маусымда Ұлытау облысының әкімі қызметіне тағайындалған болатын.

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.

Бүгін «Ұмай» басталады: Кім баспанаға өтініш бере алады? 

«Отбасы банк» әйелдерге арналған «Ұмай» тұрғын үй бағдарламасын іске қосты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президентін Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда не өзгереді? 

Қыркүйек айында қазақстандықтарды бірқатар өзгеріс күтіп тұр.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.