12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы

Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.

Әр адам өзінің ана тілін, мемлекеттік тілінің өркен жайылуына, және оның қолданыс аясының кеңеуіне барынша үлес қосуы тиіс.

Дана халқымыз «Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің» деп бекер айтпаған. Яғни, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында тіл білудің артықтығы жоқ. Күннен күнге қарыштап жатқан жаңа технологияларды игерудің ең бірінші жолы – тілді меңгеру.

Дегенмен «Ана тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетте, Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте».

Ақын Қадыр Мырза-Әлі бұл жолдарды ұлт ойшылдары Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абайдың, Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірлерін үлгі тұтып айтқан. Бүкіл түркі әлемінің ұлы перзенті Мұстафа Шоқай әлемнің жеті тілін жетік білген, сол тілдерде жаза да алған. Бірақ, осы тұлғалардың қай-қайсы да ана тілін құрметтеген, тұғырынан түсірмеген, биіктеткен.

Бүгінде ана тілінде сөйлемейтін, ағылшын, француз, орыс, жапон азаматын көрмейсіз. Ал, өз тілінде сөйлегісі келмейтін, сөйлей алмайтын қазақ толып жүр. Неге? Әрине, әлемдік ағымнан қалмауымыз керек, шет тілдерді білгеніміз пайдалы. Алайда, ата-бабаның киелі рухы мен күші ана тілімізде емес пе?! Ендеше, неге әлі күнге дейін басқа ұлттарды есептемегенде, әр қазақ өз тілінде сөйлемейді?

Кәзіргі таңда біз сот болып бұл жағдайға өз үлесімізді қосып, Ана тілімізді жоғарыға жетілдіргіміз келеді.

Қазақстан Республикасы Ата-заңымызда «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі», деп тілдің мәртебесі нақты анықталып көрсетілген. Ал Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 4 – бабында: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматтың парызы» деп жазылған.

Қазақ тілі – халқымыздың тарихы, шежіресі, арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні. Қазақ тілі – халқымыздың өткен ұрпағын тарихи біртұтастық, ажырамас бірлік жағдайда мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Мұны елбасымыз Н. Назарбаевтің сөзімен айтқанда «Өзіміз ана тілімізде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 14-бап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 738-бап, қылмыстық-процестік кодексi 30 баптарында көрсетілгені әр бір сот процессі қазақ тілінде жүргізіледі ал одан кейін шет тілінді жүргізулі мүмкін деп айтылған.  

Қоғамдық өмірдің қай саласы болмасын мемлекеттік органдар арқылы іс жүргізуді толық мемлекеттік тілге көшірудің үлкен стратегиялық маңыздылығы бар екенін айту керек. Қазақша ойлауды жетілдіру. Ол үшін буыны қатаймаған балаға патриоттық тәрбие беру.

Халқымыздың санасын ояту, өскелең ұрпақтың ой-өрісін кеңейту үшін, олардың қызығушылығындағы әлемдік әдеби шығармаларды мемлекеттік тілге сапалы етіп аудару, қазақша сайттар санын көбейту т.б. жолдармен мемлекеттік тілге қызығушылықты арттыруымыз кажет.

Ақмола облысы Зеренді аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Жарылғасов Бахытжан Дауренбкұлы

Еңбек дауларын қарау тәртібі

Еңбек даулары бүгінде ең өзекті және күнделікті мәселелердің қатарында....

Түркістанда «Заң және Тәртіп — қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына...

Қызылордада сотталғандарға «Дін және тарих тағылымы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде тәрбие бөлімінің...

Мектеп оқушылары және колледж студенттерімен кездесу

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай...

Қызылордада сотталғанға есірткі жеткізбек болған азамат анықталды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның №60 мекемесінде тыйым салынған заттарды...