Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса назар аударды. Жолдау өте ауқымды әрі барлық саланы дерлік қамтып, нақты мақсатты көрсеткіштермен қамтылған. Жолдауда мемлекеттің даму бағыттары мен халықтың әлеуметтік қорғалуына, білім саласына ерекше тоқталып Үкіметке жаңа тапсырмалар берілді. Сапалы маман дайындаудың өзектілігі, техника мамандарын дайындау басымдылығы, білім беру бағдарламаларының сұранысқа сай болуы сапалы білім берудің бәсекеге қабілеттілігін артыруда рөлі зор дей отырып, 2025 жыл — «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп атауды ұсынды. Жас мамандарды қолдау әрі олардың әлеуетін жақсарту –университетіміздің бағытталған негізгі басымдығының бірі. Жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз ету,сапалы білім беру басты мақсатымыз деп ойлаймын.
Мемлекет басшысы Қазақстанды қауіпсіз әрі жайлы елге айналдыру Президент ретіндегі басты міндетінің бірі екенін атап өтіп, құқық қорғау органдарына және басқа да жауапты мекемелерге азаматтардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуді жүктеді. Ішкі істер министрлігі ұсақ бұзақылық пен вандализмнен бастап, шетелдіктердің заңсыз көшіп келуіне және басқа да ауыр қылмыстардың алдын-алу керектігін нақтылап айтты. Болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау және салауатты қоғамды қалыптастырудағы есірткіге, лудомания мен вандализмге қарсы күрестің маңыздылығы қозғалды.
Мухамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы
Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық
іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,з.ғ.к