Қазақстанға АЭС неге қажет? Энергетика министрі жауабы

Қазақстанға АЭС неге қажет? Бұл сұраққа энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, уран өнімін өндіру бойынша нөмір біріншіміз.

«Енді бірнеше сұрақты ойлансаңыз. Неге біз бұл уранды, бұл бірегей энергетикалық шикізатты Қазақстанның мүддесі үшін, болашақ ұрпақтарымыз үшін, біздің өнеркәсіпіміз үшін оны кен және алғашқы өнім түрінде шетелге сатпай-ақ пайдалана алмаймыз? Бізде жеткілікті дамыған технологиялық цикл бар. Уран өнімдерінен басқа, таблеткалар шығарамыз, жылу шығаратын жинақтар шығарамыз. Бізде ядролық физика институты мен Ұлттық ядролық орталық жұмыс істейді», — дейді Алмасадам Сәтқалиев.

Фото: Тengrinews.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «қажеттіліктеріміз артып келе жатқанын» айтты.

«Атом станциясы — бұл елдің энергетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз етудің технологиялық, экономикалық, экологиялық тізбегінің ажырамас бөлігі. Ал біздің қажеттіліктеріміз артып келеді. Біз көршілес мемлекеттерден электр энергиясын сатып алуға мәжбүрміз. Халықтың да, коммуналдық тұрмыстық сектордың да, өнеркәсіптің де қажеттіліктерін электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін жаңа жоғары тиімді, тұрақты энергия көздерін салуға міндеттіміз», — деді министр.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.