12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АДАМ ҚҰҚЫҒЫ АЛДЫҢҒЫ ОРЫНДА

Мемлекет басшысы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі экономикалық реформаларға баса назар аударып келеді.

Атап айтқанда, осы жолы салық жүйесін қайта жаңғыртуға, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын қабылдауға, ауыл шаруашылығы саласын қолжетімді несиелеуге, әділ
және тиімді тарифтік саясатқа, көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға, білікті кадрлар даярлауға, цифрландыру және жасанды интеллектіні дамытуға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне көңіл бөлінген.
Соның ішінде еліміздегі адам құқығы, қауіпсіз қоғам құру мәселелері де жыл сайын жолдауда атап өтіліп келеді. Мәселен, биылғы жолдауда Мемлекет басшысы «Көптеген елде, тіпті кейбір дамыған мемлекеттердің өзінде қылмыс пен тәртіпсіздік өршіп тұрғанына қарамастан, біз соңғы жылдары қауіпсіз қоғам құру жолында едәуір жетістікке жеттік. Көшедегі, қоғамдық орындардағы қылмыс пен заңсыздық тыйылып келеді. Дегенмен, арқаны кеңге салуға болмайды. Менің басты міндетімнің бірі – Қазақстанды қауіпсіз әрі жайлы елге айналдыру. Құқық қорғау органдарына және басқа да жауапты мекемелерге азаматтардың
қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету жүктелді» деп атап өтті.
Жалпы, елімізде адам құқықтарын қорғау мәселесі егемендік алған алғашқы жылдан ерекше назарда тұр. Ата Заңымызда да еліміз өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, ең қымбат қазынасын – адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітті. Ел дамуының ең маңызды құжатына айналған Конституцияның алғашқы екі бөлімі халықаралық құқықтық шарттарға сай адам құқықтарын қорғауға негізделген. Жалпы әлеуметтік жəне экономикалық, азаматтық пен саяси
құқықтың барлығын бір жерге біріктірсек те, нормалардың ішінде адам құқының қорғалуы басымырақ түседі.
Яғни, еліміз ең бірінші орынға адамды қойды. Алдымен оның өмірін жоғары бағалады. Сол себепті де айналамыздағы жұрттың барлығы Қазақ елін жай ғана мемлекет деп емес, адам
құқығын қамтамасыз ететін егемен ел деп біледі. Елімізде мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары да жолға қойылған, әйелдерге қатысты кемсітуді жою, тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу қағидалары да адам құқығын қорғауға негізделген. Түптеп келгенде адам құқығының сақталуы – мемлекет іргетасының беріктігі болып саналады. Сондықтан адам құқығы әрқашан алдыңғы орында.
Ержан СЕРИКОВ,
Алматы қаласы

Алатау аудандық сотының бас маманы сот мәжілісінің хатшысы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...