Жемқорлық қылмысы бойынша қай сала бірінші орында тұр?

Білім беру саласы жемқорлық қылмыс бойынша бірінші орында. Антикор мәліметінше, 2022-2023 жылдардың ішінде ғана парақор басшылар мен есепшілердің кесірінен мемлекетке 17 млрд теңге көлемінде залал келген, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Антикор мәліметінше, бұл қомақты қаражат.

«Мәселен, Талдықорған қаласында білім беру бөлімінің меңгерушісі, бас есепші, бірнеше мектептің директорлары 4 млрд теңгеден аса  қаржы жымқырған. Олардың бірін тұтқындау кезінде көлігінен шамамен 1 млрд теңге шықты. Мұндай былық басқа аймақтарда да анықталды», – дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов. 

Бірқатар былықты анықтаған антикор тиісті мемлекеттік органдармен, соның ішінде жауапты министрлік және әкімдіктермен қоян-қолтық жұмыс істеп жатыр. Соның нәтижесінде жемқорлық жайлаған салада барлық процесс цифрландырылатын болады. Бұл өз кезегінде адами фактордың алдын алып, жүйенің ашықтығын қамтамасыз етеді. Сарқұловтың айтуынша, қазірдің өзінде түрлі ақпарат жүйелері мен бағдарлама енгізіліп, ол біршама пайдасын тигізіп үлгерді. 

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.