Денис Шипп Жоғарғы соттың судьясы болды

Сенат депутаттары Денис Шипптің Жоғарғы сот судьясы лауазымына кандидатурасын қолдап дауыс берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ұсынысты сенаторлар қарауына Мемлекет басшысы ұсынды.

Денис Шипп 1968 жылы 27 ақпанда Петропавлда дүниеге келген. Омбы мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша және академик Королев атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыш университетін бітірген.

Әртүрлі уақытта Денис Шипп ағылшын тілінен аудармашы және салық полициясының инспекторы болып жұмыс істеген. Петропавл қалалық сотының және Алматы мамандандырылған қаржы сотының судьясы болды. 2011-2015 жылдары Алматы мамандандырылған қаржы сотының төрағасы болды. Ол Жоғарғы Соттың судьясы қызметін де атқарған.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.