Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Ардагерлер кеңесінің төрағасын «Қариялар күнімен» құттықтады

2024 жылғы қазан айының 1-жұлдызында Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Ажиханов Нұрғали Еркінбекұлының қолдауымен мекеменің тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлері, Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жамалов Жаңаөмір Кенжебайұлына арнайы барып, бүгінгі маңызды күн «Қариялар күнімен» құттықтады. Ардагерге мықты денсаулық, отбасына амандық тілеп, игі құттықтауларын жеткізді. Сонымен қатар, ҚАЖ департаментіне қосқан баға жетпес үлесі, бөліскен мол тәжірибесі мен еңбек сіңірген табысты жұмысына алғыс білдірді.

Біз ҚАЖ қызметкерлері осы күні жақындарыңызға және жасы үлкен адамдарға және қарияларға ерекше назар аударуға шақырамыз. Жылы сөздер, көңіл мен қамқорлық олар үшін нағыз сыйлық болсын. Өйткені, кейде жылулық пен қамқорлықтың қарапайым көрінісі үлкен қуаныш әкелуі мүмкін екендігін ұмытпайық.

№68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді. Жиынға...

Медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері талқыланды

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын өтеушілерге медициналық көмекті...

Сотталған әйелдерге құқықтық қолдау көрсету және қайта әлеуметтендіру

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында әлеуметтік бейімдеу және...

КӨШПЕНДІЛЕР РУХЫ – СПОРТТА

Абай облысы бойынша орташа қауіпсіздік мекемесінде VI Дүниежүзілік көшпенділер...

Жеке сот орындаушыларының іс –әрекетін даулау

Талап қоюды беру тәртібі мен мерзімі Сот орындаушыларының әрекетін (әрекетсіздігін)...