«ЗАҢ ГАЗЕТІ» – «ҮРКЕР» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ

Биыл Астанада сегізінші рет «Үркер – 2024» республикалық сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Дәстүрлі «Үркер» сыйлығы 12 номинация бойынша үздіктерді анықтады. Жыл өткен сайын дәстүрлі шараға қатысушылар саны артып келеді. Мәселен, биыл байқауға баспа, радио, интернет-журналистика саласында қызмет етіп жүрген журналистерден 400-ден астам өтінім түскен. 

Айта кетейік, БАҚ өкілдерінің жұмыстарын беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық медиа-сарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды. Негізгі номинациялардан бөлек, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Время» газеті ұжымына арнайы сыйлықты тарту етті. Мұндай марапат балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Заң газетіне» де бұйырды.

Биылғы «ҮРКЕР» сыйлығының жеңімпаздары:

1. Жылдың үздік сұхбаты – Нұрлан Оразғалиев (Inbusiness.kz);

2. Жылдың үздік репортажы – Юлия Абрамова (Nur.kz);

3. Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал – Ксения Евдокименко (Time.kz);

4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі – Нұрлат Байкенже («Астана ақшамы» газеті);

5. Жылдың үздік аналитикалық материалы – Тимур Ниталиев (Ulysmedia.kz);

6. Радиостанциядағы үздік жоба – Қымбат Досжан (Қазақ радиосы);

7. Жылдың үздік фотосуреті – Сали Сабиров (Olympic.kz);

8. Жылдың үздік жаңалықтар порталы – Abai.kz;

9. Үздік өңірлік БАҚ – «Наш Костанай» газеті;

10. Халықаралық БАҚ-та Қазақстан туралы жарияланған үздік материал (баспа, радио, интернет-журналистика саласында) – Торғын Ашенова («Омбы қазақтары» газеті);

11 . Үздік подкаст – NeQuryltay;

12. Үздік YouTube каналы – Sayahat Time (balbal.kz).

Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпазына «Үркер» – 2024 естелік мүсіншесі мен 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды. «Үркер» құтты болсын, әріптестер! 

Қуаныш ЕРМЕКОВА,
«Заң газеті»

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.

2027 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді 

Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландырудың басым бөлігі сақтандыру моделіне көшуі жалғасуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды 

Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

Үсік жүріп, тұман түседі: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 29-30 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігіне жоғары атмосфералық қысым өрісі әсер етеді.

583 адам декреттік төлемді қайтаруға міндеттелді: Қор ақшаны неге кері сұрайды? 

2025 жылдан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүктілікке және босануға байланысты артық төленген қаражатты өндіріп алу үшін 583 алушыға қатысты сотқа талап-арыз берген.