Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры қамауға алынды

Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қайрат Нұрманбетов екі айға қамауға алынды. Ақпаратты Шымкент сотының баспасөз қызметі растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресми деректерге сүйенсек, Шымкенттің мамандандырылған тергеу соты күдікті Қайрат Нұрманбетовке қатысты кепіл мөлшерін айқындамай, екі ай мерзімге, яғни 2024 жылғы 18 қыркүйектен 2024 жылғы 18 қарашаға дейін «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. Осыған ұқсас бұлтартпау шарасы тағы екі күдікті Т. Б. мен Б. У-ға қатысты таңдалған.

Бұған дейін БАҚ-та күдіктілердің бірі ЖШС директоры екені туралы ақпарат пайда болды, ол пара берді деген күдікке ілінген.

«Қаулы заңды күшіне енді. Соталды тергеп-тексерудің қалған деректері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы талаптарына сәйкес жария етілмейді», — деп хабарлады Шымкент сотында.

Сондай-ақ, Шымкент сотының баспасөз қызметі күдікті А.С-ға қатысты мамандандырылған тергеу соты 2024 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 25 қарашаға дейін үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция бергенін хабарлады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры мен қалған ұсталғандар нақты қандай күдікке ілінгені нақтыланбаған.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...