12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әкімшілік әділет-жаңашылдық жаршысы

Мемлекеттік органдардың шешімдері мен әрекеттерінен дау туындаған кезде қарапайым азаматтардың дәрмені көп жағдайда мемлекеттік аппараттың күшімен тең келмейтіні белгілі. Осы айырмашылықты теңдестіру мақсатында елімізде жария — құқықтық дауларды қарайтын мамандандырылған әкімшілік соттар құрылды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік — процестік кодексі қабылданып, заңды күшіне 2021 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілді.

Әкімшілік сот ісін жүргізудегі негізгі жаңашылдықтары халық игілігіне жұмыс жасап жатырғанын уақыт көрсетіп отыр.

ӘРПК-дегі қағидаттар талап қоюшының құқығын тиімді қорғауға ықпал етуде. Оның бірі әкімшілік сот ісін жүргізуде соттың белсенді рөлі болып табылады. Сот белсенді рөл атқара отырып, процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, олар ұсынған дәлелдемелермен шектеліп қана қоймай, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттейді және өз бастамасы бойынша қосымша дәлелдемелерді жинай алады. Көбіне азаматтар құқықтары мен заңды мүдделері бұзылғанын айқын біліп тұрса да, заң нормаларын толық меңгермегендіктен талапты нақты қоймады, талап негізін дұрыс көрсетпейді, қажетті дәлелдемелер ұсына алмайды, немесе іске тиісті емес жауапкерді тартуы мүмкін. Мұндай жағдайда, сот құқықтық салдарды алдын ала түсіндіре отырып, тарапқа талап қою талаптарын тұжырымдауда және (немесе) өзгертуде жәрдем көрсетуге құқылы. Сот процестің барлық сатыларында формальды қателерді жоюға, түсініксіз сөздерді нақтылауға, әкімшілік істің мәні бойынша өтінішхаттарды беруге, толық емес нақты деректерді толықтыруға, әкімшілік істің мән-жайларын толық айқындау мен объективті бағалау үшін маңызы бар барлық жазбаша түсініктемелерді беруге жәрдем көрсетуге міндетті. Осылайша судья талап қоюшыға оның құқықтарының тиісті дәрежеде қорғалуы үшін құқықтық «көмек» көрсете алады.

Бұдан басқа, мөлшерлестік, сенім құқығын қорғау талап қоюшының құқығын тиімді қорғауға ықпал етуде.   Бұл ретте әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) мөлшерлес, яғни жарамды, қажетті және пропорциялы болуға тиіс. Әкімшілік рәсімге қатысушының әкімшілік органның, лауазымды адамның қызметіне сенімі Қазақстан Республикасының заңдарында қорғалады деп көрсетілген. Сенім құқығы заңсыз әрекеттер жасауға (әрекетсіздік танытуға) негіз бола алмайды. Сонымен қатар, ӘРПК—де құқықтар басымдығының қағидаты көзделген. Онда Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасындағы барлық күмәндар, қайшылықтар мен көмескіліктер әкімшілік рәсімге қатысушының пайдасына түсіндіріледі.

Процестік мәжбүрлеу шаралары ретінде ақшалай өндіріп алу көзделген, бұл нормапроцестік құқықтарды теріс пайдаланатын соттың талабын, сұрау салуын орындамағаны, әкімшілік іске қатысушы адамның сотқа келмегені, сотқа уақтылы хабарламағаны, сотты және (немесе) судьяны құрметтемегені туралы анық куәландыратын өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) және сот актілерінің  орындалмаған жағдайда ақшалай өндіріп алуды қолданады.

Басқа процестік кодекстерден ерекшелігі әкімшілік сот ісін жүргзуде шешімнің орындалуына соттың өзі бақылау жасайды. Әкімшілік істер бойынша сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде орындалуға жатады. Егер белгіленген мерзімде сот актісі орындалмаса, жауапкерге елу айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай өндіріп алу салу көзделген. Осылайша, сот шешімі алты айға дейін орындалмаса, он айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылған мөлшерде ақшалай өндіріп алу салынады. Алты айдан астам уақытта да сот шешімі орындалмаса, шешімді орындауға жауапты тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылатын болады. Бұл норманың сот шешімінің уақтылы орындалуына, тиісінше адам құқытары мен заңды мүдделерінің қорғалуына ықпал етері сөзсіз.

Әкімшілік әділеттің жаңашылдықтары жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің тиімді қорғалып, бұзылған құқықтарын қалпына келтірілуіне зор ықпал етіп отыр.  Бұл өз кезегінде азаматтар пен мемлекет арасындағы теңдікті қалыптастыра отырып, еліміздің құқық жүйесін жаңа бір леп әкелді.

Әкімшілік әділет институты құрылғалы көп уақыт өтпесе де, оның қоғамға қажеттілігі мен сұранысқа ие екені бүгінгі күні айқын көрініп отыр.

А.Абилгазина, Ақтөбе облысының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы

Дені саудың — жаны сау!

    БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылы қабылдаған Тұрақты даму...

ҚазҰУ Заң факультеті: Қазақстандағы құқықтық білімнің флагманы

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультеті Қазақстанның ең...

Мемлекеттік тіл мерейім!

Мемлекеттік тілге деген құрмет ауыз екі тілде қазақша таза...

Қызылорда да сотталғандар ұлттық ойыннан сынға түсті

Қылмыстық-атқару саласына қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар...

СИЛА ЖЕНЩИНЫ: ПОБЕЖДАТЬ, ВДОХНОВЛЯТЬ, ЖИТЬ

19 ноября в Алматы в рамках проекта «Розовый октябрь»...