12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жолдау – басты бағдарымыз

Қазақстан Президентінің халыққа жолдау арнауы 1997 жылдан бері үзілмей жалғасын тауып келеді. Кейінгі жылдары Мемлекет басшысының қыркүйек басталысымен Елорда төрінде, Парламент үйінде бас қосатын Үкімет мүшелері мен халық қалаулыларының қатысуымен өтетін маңызды отырыста Жолдау жасауы әдемі дәстүрге айналды. Жолдауды жариялайтын уақыт белгілі болғандықтан, жыл сайын осы тарихи сәтті Қазақстан халқы үлкен үмітпен, жақсы сеніммен күтеді.

Себебі Жолдаулардың ел үшін маңызы зор, орны бөлек. Бұл стратегиялық құжатта Мемлекет басшысының алдыңғы жолдау мен жаңа жолдау аралығындағы ел дамуын салыстырып, ізденістер мен іркілістерді, жетістіктер мен кемшіліктерді таразы басына сала отырып түйіндеген ойлары тоғысқан. Ел басқарып отырғандықтан Президент үшін жолдауда жүктеген міндеттері мен берген тапсырмаларының орындалуын сараптап, халық пікіріне сай қай саланы жетілдіру, қай саланы жаңғырту керектігінн көңіл аудару кезек күттірмейді.

Сонымен бірге, қандай бастамаларды қолға алып, қандай заңдарды дайындау қажеттігі де осы жолдауларда айқындалады. Мысалы былтырғы жолдауда жүктелген тапсырмаларға орай бір жыл ішінде  102 заң дайындалып, қолданысқа енгізілгенін ауыз толтырып айтуға болады. Құқықтық мемлекетте кез келген мәселенің заң арқылы шешілгені, құқықтық құжаттар арқылы реттелгені тиімді. Сондықтан былтырғы жыл заң қабылдау тұрғысынан ғана өнімді болып қоймай, мемлекеттің заң, құқық саласын жандандыруға, азаматтардың құқығы мен бостандығын мінсіз қорғауға негіз қалағанын сеніммен жеткізуге болады.

 Ел басшысының бұл жолдауы да халық арасында үлкен серпіліс тудырып, көңілдерге үміт отын жақы, ел болашағына деген сенімімізді арттыра түсті. Жолдаудың атауының өзі, біздіңше, келешегі зор елдің ұстаным айғағындай. Себебі мемлекетіміз әділеттілік бағытын берік ұстанып, заңы мен тәртібін жоғары қойып, экономикалық өсімін мұрат тұтса, осы мүдделерінің арқасында қоғамдық оптимизм тудырса, бұл – барша жұртымыз күткен дамыған, әділеттілікке негізделген ел болудың кепіліне айналары талассыз.

М.Әміров,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының төрағасы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...