Пробациялық есептегі сотталғандар арасында жарыс өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің бастамасымен, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандық пробация бөлімдерінің есебінде тұрған сотталғандар арасында волейболдан ауданаралық жарыс өткізілді.

Жарыстың өткізілуіне Кеген аудандық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы қолдау көрсетіп, салтанатты ашылуына қатысты.

Ауданаралық іс-шара қонағы ретінде Кеген аудандық прокуратураның прокуроры Абай Темірғалиұлы, сонымен қатар Кеген, Ұйғыр және Райымбек аудандарының пробация бөлім қызметкерлері шақырылды.

Жарыстың қорытындысы бойынша 1-орын Кеген ауданының командасы, 2-орын Ұйғыр ауданының командасы, 3-орынды Райымбек ауданының сотталғандар командасы иеленді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығының арнайы дипломдарымен, медальдарымен және кубоктарымен марапаттады.

Жеткізу сәтсіз аяқталды: Алматы облысындағы колонияға тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеті тоқтатылды

Алматы облысындағы №14 мекемеге тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің...

«Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасын – қолдау»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқитын ұлт болуға...

В Алматы продолжается работа по поддержке детей в рамках проекта «Социальная мастерская»

В Алматы в рамках проекта «Социальная мастерская» продолжается системная...

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында балаларға қолдау көрсету жұмыстары жалғасуда

Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға...

«ZEREN photo fest»: кәсіби фототілшілер ЕҰУ студенттеріне шеберлік сабағын өткізді

17–18 қазан күндері Зерендіде дәстүрлі «ZEREN photo fest» фотофестивалі...