12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Оқушылар мектепке орамал тағып бара ала ма? Жоғарғы сот мәселеге нүкте қойды

Жоғарғы сот мектепте орамал тағу төңірегінде тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақпаратқа сүйенсек, Жоғарғы сот мектептерде орамал тағуға салынған тыйымды жойған жоқ.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Жоғарғы сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты деген жалған ақпарат тарап жатыр. Істі қарау аясында Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған. Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі.

Сонымен қатар бейінді министрлікте (Оқу-ағарту министрлігі — еск.) орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған», – деп жазылған хабарламада.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға жауапты екенін мәлімдеді.

«Бұл ретте ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өздеріне алған және заңда белгіленген, оның ішінде Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте көзделген міндеттерді орындамауы жауапкершілікке әкеп соғады», – деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желі мен БАҚ-та енді оқушы қыздар мектепке хиджаб киіп бара алатыны туралы ақпарат тараған еді.

Осы мәселеге қатысты Massaget.kz тілшісінің сауалына Оқу-ағарту министрлігі жауап берді. 

«Хиджаб – діни киім. Мұндай киім жоғарыда айтылған талаптарға сай келмейді. Ата-аналардың алдында бірінші кезекте балалардың сапалы білім алуы, сондай-ақ оларды тұлғалық жағынан дамыту мәселесі тұруға тиіс», – деп жазылған еді министрліктің Massaget.kz-ке берген жауабында.

Мемлекет басшысы қолданыстағы Конституцияға баға беріп, Назарбаевтың үлесін де сөз етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолданыстағы Конституцияның маңызы мен тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесін де сөз етті.

Жұрт ChatGPT-ге жүгінеді: Тоқаев Мәдиевке отандық ЖИ-ге қатысты сұрақ қойды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке KazLLM-ге қатысты сұрақ қойды.

Үкімет: 2025 жылы Қазақстанда энергия тапшылығы 29%-ға төмендеді

Биыл 2,6 ГВт дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері іске қосылады. Бұл келесі жылдың бірінші тоқсанында энергия тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Үкімет үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы басталды.

«Жұмыссыздық жәрдемақысы 400 мың теңге»: Қазақстанда қанша төлейді және қалай рәсімдеуге болады?

Әлеуметтік желілерде жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны рәсімдеп, ай сайын 400 000 теңгеге дейін алуға болатыны туралы жазбалар кеңінен тарауда. Осы қаншалықты рас және не істеу керек?