Әкімшілік сот ісін жүргізудегі татуластыру рәсімдері


2021 жылдың 01 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі заңды күшіне енді.
ӘРПК дауларды реттеу және татуластыру рәсімдерін қолдану
мәселелерін көздейді.
Медиацияны қолдану сапасын кеңейту мақсатында, оның ішінде
мемлекеттік органдарға да татуластыру рәсімдеріне қатысу құқығы заң
жүзінде бекітілді.
Әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде тараптардың татуласуына
жауапкердің әкімшілік қалауы болған кезде жол беріледі.
Әкімшілік қалау – әкімшілік органның, лауазымды адамның Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген мақсаттарда және шектерде
заңдылығын бағалау негізінде ықтимал шешімдердің бірін қабылдау
өкілеттігі болып табылады.
Татуластыру рәсімдерін заңнамалық рәсімдеудің негізін 2011 жылғы 28
қаңтардағы «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
қабылдануы қалады. Қазақстан үшін бұл нағыз құқықтық және дамыған
мемлекет құруға жасалған қадам болды.
Медиация сот талқылауының нысанасы болған даулы мәселелерді
келіссөздер арқылы дербес шешуді білдіреді және ол еріктілік,
ынтымақтастық, тең құқықтылық және құпиялылық қағидаттары негізінде
жүзеге асырылады.
Татуластыру рәсімдерінің артықшылықтары мынадай:
— татуластыру рәсімдеріне жүгіне отырып, тараптар өздерінің алдында
нақты ұғынылатын, болжанатын және оларды жоятын нәтиже алады;
— татуластыру рәсімдерін пайдалану жанжалды шешудің шығынсыз
құралы болып табылады, өйткені ол сол шығыстарын атқару
қажеттігіне әкеп соқпайды (төленген мемлекеттік баж қайтарылуға
жатады);
— тараптар татуластыру рәсімдерінің нәтижесінде келген
уағдаластықтар, шешімдер сияқты орындалады;
— татуластыру рәсімдеріне жүгіну – жылдам тәсіл туындаған
келіспеушіліктерді шешу.
Әкімшілік істер бойынша сот тараптарды татуластыру үшін шаралар
қабылдайды, процестің барлық кезеңдерінде дауды реттеуге көмектеседі.
Мәселен, Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық
әкімшілік соты ағымдағы жылдың тоғыз айында 77 іс бойынша мелиация
рәсімін өткізді және тараптар татуласуға келді.
Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық
әкімшілік сотының судьясы Нұртазина Д.М.

Психикалық ауруға шалдыққан ерлер бөлімінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері жайлы репортаж

Танымал жазушы Әбіш Кекілбаевтың есімі  берілген бұрынғы «Каблуков» көшесімен...

Қауіпсіздік күзетіндегі бір күн

Созақ ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция инспекторы Байжігіт Жұмаш...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Абай университетінде 2026-2027 оқу жылына арналған қабылдау науқаны басталды....

«Алтын алқа» иегері: нәзік жанды тергеушінің қызмет жолы

Қылмыстың мән-жайын анықтау, дәлелдерді жинау, азаматтардан жауап алу, заң...