Қазақстандықтар Республика күніне орай үш күн демалады

Қазақстандықтар 25 қазандағы Республика күніне орай үш күн қатарынан демалады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Себебі биыл Республика күні жұмаға сәйкес келеді. Сондықтан аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады. Атап айтсақ, 25 қазан, жұма – Республика күні, ресми демалыс, 26 қазан, сенбі — әдеттегі демалыс, 27 қазан, жексенбі — әдеттегі демалыс.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер қосымша демалыс күнін пайдалана алады. Бірақ 26 қазан жұмыс істейді.

Айта кетейік, Республика күні мерекесіне орай демалыс 2022 жылдан бастап ресми беріліп келеді.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.