Алматыда ҰҚК Шекара академиясының курсанты қаза тапты

Алматыда 22 қыркүйекке қараған түні ҰҚК Шекара академиясының курсанты қаза тапты. Полиция ақпаратты растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде 22 қыркүйекке қараған түні Шекара академиясының курсанты Достық даңғылындағы көпқабатты үйден секіргені туралы ақпарат пайда болды. Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған.

«Дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Себеп пен мән-жайы белгіленеді», — делінген Алматы полиция департаментінің хабарламасында.

Еске салайық, қыркүйекте әскери қызметкерлерге қатысты бірнеше қайғылы жағдай болды.

7 қыркүйекте Маңғыстауда мерзімді сарбаз ауыр жарақат алды.

16 қыркүйекте Арыс гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінің келісімшарты бойынша әскери қызметкер басынан қарудан соққы тиіп, жарақат алды.

19 қыркүйекте Аягөзде әскери қызметкердің денесі табылды.

Елімізде психологтардың кәсіби қызметіне бірыңғай талап енгізіледі

Қазіргі уақытта министрлік қажетті нормативтік құқықтық базаны әзірлеп жатыр.

Мемлекет басшысы Жоғарғы Соттың төрағасын тағайындады 

Асламбек Мерғалиев Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағасы болып қайта тағайындалды.

Президент Бас прокурорды тағайындады 

Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры лауазымына тағайындалды.

Ресейдегі жанармай дағдарысы Қазақстанға қалай әсер етеді?

Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына жасалған шабуылдар жанармай тапшылығын күшейтті. Сарапшылар бұл жағдай Қазақстанға да белгілі бір тәуекелдер туғызатынын айтып отыр.

Мемлекеттік туды пайдаланудың жаңа ережелері бекітілді 

Мемлекеттік туды жеке тұрғын үйлерге биіктігі 3 метрден кем емес жерде орнатуға болады.