Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум қандай жағдайда өтті деп есептеледі

Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум қандай жағдайда өтті деп есептеледі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Республикалық референдум туралы Заңға сәйкес, дауыс беруге құқығы бар қазақстандықтардың жартысынан көбі қатысуға тиіс. Соңғы мәліметтер бойынша, бұл 12 244 683 адам. Тиісінше, жартысы 6 122 342 адам.

«Референдумға шығарылған мәселе бойынша шешім, егер оның оң шешімі үшін дауыс беру нәтижесінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан көбі оны жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі», — деп хабарлады ОСК Tengrinews.kz редакциясының ресми сұрауына берген жауабында. 

Референдумға қанша қазақстандықтың АЭС салуды жақтап немесе қарсы дауыс беретіні дауыс беру күні – 6 қазандағы жалпы халықтың қатысу нәтижесіне қарай белгілі болады.

Еске салайық, атом электр станциялары бойынша референдумға арналған бюллетеньде қазақстандықтардан бір сұраққа жауап беру сұралады: «Сіз Қазақстанда АЭС салынуына келісесіз бе?»

Жауаптың екі нұсқасы болады: «Иә, келісемін» немесе «Жоқ, келіспеймін». Дауыс беру бюллетенінің қандай болатынын мына жерден көруге болады.

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.

Бүгін «Ұмай» басталады: Кім баспанаға өтініш бере алады? 

«Отбасы банк» әйелдерге арналған «Ұмай» тұрғын үй бағдарламасын іске қосты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президентін Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда не өзгереді? 

Қыркүйек айында қазақстандықтарды бірқатар өзгеріс күтіп тұр.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.