12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түркістан облысында сотталғандар шу шығарды

Түркістан облысында сотталғандар шу шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысы ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, түзеу мекемесіндегі кейбір тұтқындар қамауда ұстау режимімен келіспеуіне байланысты шу шығарған.

20 қыркүйек күні кешке сотталғандар электр трансформаторын өртеп жіберген. Тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның екі әскери қызметкері мен бір полиция қызметкері жеңіл жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілген.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 428-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды (Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау, Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына топтасып бағынбауды ұйымдастыру, сол сияқты күш қолданумен немесе өзіне қандай да бір қасақана зиян келтірумен ұштасқан не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан топтасып бағынбауға қатысу), — деп хабарлады облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіндегілер.

Трендтегі “Шайн мускат“ жүзіміне қатысты тексеріс нәтижесі белгілі болды

Ауыл шаруашылығы министрлігі желіде трендке айналған "Шайн мускат" жүзімінде ағзаға зиянды зиянкес табылмағанын мәлімдеді.

Қай облыстарда жаңа су қоймалары салынады?

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов "Жедел желі" бағдарламасы қай облыстарда жаңа су қоймалары салынатынын айтты.

21 қарашада ауа райы қандай болады?

Қазақстан бойынша 21 қарашаға арналған ауа райы болжамы белгілі болды.

Тоқаев пен Орбан бірлескен мәлімдеме жасады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің алдында бірлескен мәлімдеме жасады.

Ауылдық жерде жұмыс істейтіндерге қандай жеңілдік бар?

Қазақстанда ауылдық жерлерде жұмыс істейтіндерге белгілі бір жеңілдіктер беріледі.