Енді көлікті мас күйде жүргізген қазақстандыққа жүргізуші куәлігі берілмейді

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қазақстанда көлікті мас күйде жүргізген адамдарға жүргізуші куәлігі берілмейтінін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аталған заң жобасын Сенат мақұлдады.

Министрдің орынбасары заңдағы жаңа норманы түсіндірді.

«Жүргізуші куәлігі жоқ адам туралы айтайын. Мысалы, ол мас күйде әкесінің көлігіне отырды дейік. Біз оны ұстаймыз. Соттың үкімімен күдікті 20 тәулікке қамауға алынады. Оның жүргізуші куәлігі жоқ, ол одан айырылмайды.

Ертең ол ХҚКО-ға барып, жүргізуші куәлігін алып, 3 айдан соң көлікті басқара алады. Бұл әділетті емес. Сондықтан ол заң бойынша 7 жыл жүргізуші куәлігіне тапсыра алмайды», — деді Игорь Лепеха.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.