«Мемлекеттік органдардың тәртіптік практикасының мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді

2024 жылғы 19 қырқүйек күні Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен Әдеп жөніндегі уәкілдер және персоналды басқару қызметінің қызметкерлеріне «Өз ісінің шебері» жобасы аясында «Мемлекеттік органдардың тәртіптік практикасының мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді.

2024 жылғы 1 жартыжылдығы қорытындысы бойынша тәртіптік тәжірибеге қатысты талдау нәтижелері талқыланды.

Мәселен, есептік кезеңде Алматы қаласы бойынша 543 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған, бұл мемлекеттік қызметшілердің жалпы нақты санының 13% құрайды, яғни әрбір 7-ші мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын көрсетті.

Өз кезегінде, әдеп құқық бұзушылықтар бөлігінде оң динамика байқалады.

Қызметтік әдепті бұзғаны үшін 3 жергілікті атқарушы органдардың және 6 орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшілерінің қызметкерлері әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған, бұл жалпы тәртіптік жауапкешілікке тартылғандардан 1,6%-ын құрайды.

Алдыңғы жылдғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда қызметтік әдепті ұстанбағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандардың саны 30%-ға азайған.

Ал, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасаған үшін, яғни шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсеткені үшін тартылғандар саны – 2, бұл тәртіптік жауапкершілікке тартылғандардың жалпы санының 0,3%-ын құрайды және алдынғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есе төмен.

Тәртіптік жауапкершілікті қарау кезіңде қатаң заңнама талаптарын ұстану бойынша және тәртіптік жауапкершілік қарау аясында мемлекеттік қызметшілердің құқықтары, тәртіптік комиссиялаардың міндеттері мен құзыреттіліктері түсіндірілді.

Осы тұста, Департаментпен Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын ұстану туралы түсіндірмелер берілді. Осы бағыттағы Әдеп жөніндегі уәкілдердің маңызды рөлі атап өтілді.
Семинар-тренингтің соңында мемлекеттік органдардың сұрақтарына жауап берілді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы – Лаура Нұргелдіқызы Науқанбай

Мемлекеттік тілде құқықтық терминологияны қалыптастыру мәселелері

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту – маңызды стратегиялық...

Преимущества электронного судопроизводства

В условиях стремительного развития информационных технологий электронное судопроизводство становится...

Международные стандарты защиты прав несовершеннолетних детей

Конвенция Организации Объединённых Нации (ООН) о правах ребенка является...

Әкелікті анықтау

Әкелікті анықтау – отбасы құқығындағы маңызды мәселелердің бірі. Ол...