«Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасының нәтижелері

Агымдағы жылдың 19 қыркүйегінде, Қадамдық жоспар аясында «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасының нәтижелері туралы Департаментпен кездесу өткізілді.

           Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша  департаментімен Мемлекеттік басқару академиясы бірлесіп «Жас Қыран» жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің жұмысын жүргузіде.

           Аталған жобаның мақсаты — мемлекеттік қызметке талантты жастарды тарту болып табылады. Жобаға Алматы қаласының бірнеше жоғары оқу орындарынын бітіруші курс студенттері қатысуға ниет білдіріп, іріктеуден өткен болатын.

           Қараша айында қалыптастырылған тақырып бойынша эссе жазу ұйымдастырылып, кадрлық қажеттілікті анықтау бойынша жұмыс тобымен бағалау өткізілді. Бағалау нәтижесі бойынша 22 бітіруші курс студенттері өтті.

          Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалы аталған оқыту бағдарламасына сәйкес таланттар пулына іріктелген студенттерді 2024 жылдың 15-19 қаңтары аралығында оқытудан өткізді.

           Оқыту аясында жас таланттар жобалық басқарудың негіздері және жобаны әзірлеу, оны қорғау, тиімді коммуникациялар, практикалық аналитика, стратегиялық менеджмент және көшбасшылық және т.б. дағдыларын меңгеріп, мемлекеттік басқару жүйесі, әдеп кодексі бойынша практикалық сабақтар өткізілді.

           Оқыту курстары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының профессор-оқытушылар құрамын, практик мамандар — мемлекеттік қызметшілерді тарту арқылы жүргізілді.

          Білім беру бағыттары бойынша тәжірибелік дағдылар мен қабілеттерге ие болу мақсатында мектеп түлектері мемлекеттік мекемелерде тәжірибеден өтті.

             А.ж. 13 маусымында Қазақстан Республикасының заңнамасы және жеке қасиеттерін бағалау бойынша тестілеуден өткен  ЖОО–ның 13 бітіруші курс студенттеріне таланттар пулына қабылданғаны туралы сертификаттар табысталды.

         Қазіргі таңда таланттар пулына қабылданған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша мониторингі тұрақты негізінде жүргізілуде.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Алматы қаласы бойынша департаментінің
Мемлекеттік қызмет саласындағы
бақылау басқармасының бас маманы Д. Олжабаев

Мемлекеттік тілде құқықтық терминологияны қалыптастыру мәселелері

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту – маңызды стратегиялық...

Преимущества электронного судопроизводства

В условиях стремительного развития информационных технологий электронное судопроизводство становится...

Международные стандарты защиты прав несовершеннолетних детей

Конвенция Организации Объединённых Нации (ООН) о правах ребенка является...

Әкелікті анықтау

Әкелікті анықтау – отбасы құқығындағы маңызды мәселелердің бірі. Ол...