Автокөлік құжаттары қатаң бақылауда

           Қызылорда  облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде жеке құрам қызметкерлерінің автокөлік құралдары мен құжаттарын тексеру жұмыстары жүргізілді.

           Аталған шараны мекеме бастығы, әділет майоры Қайырбек Ильясовтың тапсырмасымен кадр саясаты тобының аға испекторы әділет капитаны Шахи Динара Нұрбекқызы ұйымдастырып, тексеруді   ҚПБ ЖПҚБ ППБ қызметінің  аға инспекторлары жүргізді. Тексеру барысында планшет арқылы әкімшілік құқық бұзушылықтар  базасына кіріп онлайн тексеру жасады.  Яғни, жүргізу куәлігінің жарамдылығы, техникалық байқаудың мерзімі, салық төлемдерінің бар болуы  мен сақтандыру полистері  тексерілді. Сондай-ақ, жай-күйі, көліктердегі болуға тиісті өрт сөндіргіш, алғашқы жәрдем көрсететін медициналық қобдишаның бар болуы да,  қаралды. 

           Жеке құрамның  қызметтік көлігі  талапқа сай болуы шарт . Бұл ҚАЖ  қызметкерінің имидждік сыйпатына да әсер етеді. Жеке құрам мүшесі ретінде автокөлік   жүргізу барысында жол ережелерін бұзбай, текникалық тексерістің талапқа сай болуына аса мән беріп отырамын — дейді, тәрбие және кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны Динара Шахи

           Тексеру қортындысы нәтижесінде  жеке құрам көліктерінің техникалық жай-күйі қалыпты жағдайда және жүргізу бойынша  мерзімі өткен құжаттар анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметкердің әдеп және мінез-құлық нормалары

Қоғамның мемлекетке деген сенімі көбінесе мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігіне...

Сот жүйесіндегі жасанды интеллекттің рөлі

Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік басқарудың барлық...

Сотқа шақыру қағаздарын жіберу тәртібі

Сотқа шақыру қағазы — соттың тараптарды (талапкер, жауапкер, куә,...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТ КӨРМЕСІНЕ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Өңірлік...

АПОСТИЛЬ – ҚҰЖАТТАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТАНУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмыс істеуі,...