12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Дау мұраты бітім!

Ертеде қазақ халқы «бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» деп, қандай дауды болмасын сабырлылықпен, көпшіліктің қатысуымен, ақсақалдардың, билердің билік құруымен шешіп отырған. Бітімге, келісімге келу, ағайыншылық жолдарымен талай күрделі мәселелердің күрмеуі шешіліп отырған. Билер арқылы азаматтар арасындағы дау-дамай, жанжал ғана емес, елдік, рулық мәні бар мәселелер де өз шешімін тауып отырған.

Бұл тәжірибе еліміздің қазіргі құқықтық кеңістігінде өз жалғасын табуда.

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы (бұдан әрі — Заң) 2011 жылдың 11- қаңтарында қабылданған болатын.

Елімізде әкімшілік әділет өз жұмысын бастаған, Әкімшілік рәсімдік — процестік кодекс (бұдан әрі — ӘРПК) қолданысқа енгізілген күннен бастап, мемлекеттiк басқару қатынастарынан туындайтын жария-құқықтық дауларды медиация тәртібімен реттеу тәжірибесі кеңінен қолданысқа ие болды.

ӘРПК-нің 120, 121- баптарының талаптарына сай әкімшілік сот ісін жүргізуде сот (судья) процестің бүкіл сатысында тараптардың татуласуы үшін шараларды қабылдайды, оларға дауды реттеуге жәрдемдеседі.

Сондай-ақ, әкімшілік сот ісін жүргізудің барлық сатысында (кезеңінде) сот шешім шығаруға кеткенге дейін тараптар татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады.

Медиация дегеніміз — тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі.

Медиацияға жүгінсе, дауласушы тараптардың бірінікі дұрыс, екіншісі бұрыс деместен, дауды шешудің екі жаққа да оңтайлы тиімді жолы қарастырылып, сол арқылы екі жақтың да мүддесін қамтитын шешім табылады.

Ертеде қазақ халқы «бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» деп, қандай дауды болмасын сабырлықпен, көптің қатысуымен, елдің төрелік етуімен, билердің билік құруымен шешіп отырған. Бітім, құн беру, келісімге келу, ағайыншылық жолдарымен талай күрделі мәселенің күрмеуі шешілген. Билер алқасы арқылы дау-дамай, жанжал ғана емес, азаматтық, елдік, рулық мәні бар мәселелер де кең көлемде жауабын тауып отырды.

Сот (судья) тараптардың татуласуы үшін шаралар қабылдайды, оларға дауды процестің барлық сатысында реттеуде жәрдемдеседі.

Тараптар өзара жол беру негізінде әкімшілік процестің барлық сатысында (кезеңінде) сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады.

Бір ескере кететін жағдай, әкімшілік істер бойынша жауапкердің әкімшілік қалауы болған кезде ғана тараптардың татуласуына жол беріледі.

Дауды медиация және партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу сотта осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Сот тараптардың татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішхатын сот отырысында немесе алдын ала тыңдауда қарайды. Өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша сот осындай келісімді бекіту не одан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

Сот тараптардың татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін бекіткен кезде сот талап қоюды толығымен немесе тиісті бір бөлігінде қайтару туралы ұйғарым шығарады.

Ерікті түрде орындалмаған татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім сот келісім жасаған адамның өтінішхаты бойынша берілетін атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға жатады.

А.С.Мамыр, Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің бас маман-сот отырысының хатшысы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...