12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Мемлекеттік тіл – ресми іс-қағаздар тілі»


Тілді өркендету — баршаның ісі. Тіл — тек қарым – қатынас құралы ғана емес, ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым болып келеді. Елбасы жыл сайынғы халыққа жолдауында да басым бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді жан – жақты дамытуға басты назарда ұстап келеді. Қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту еліміздің саясатының басты басымдығы болып қала бермек. Қоғамда, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар. Сондай-ақ, қазіргі қоғамымызда жастардың белсенділігі жоғары. Жастарға баса назар аудару арқылы тіл саясатын жүргізу мол жемісін береді деп ойлаймын.
Қазақстан Республикасының егеменді, тəуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі — мемлекеттік тіл. Еліміз егемендік алғалы ана тіліміз мемлекеттік мəртебеге ие болды. Қазақстан Республикасының Мемелекеттік тілі қазақ тілі, мемлекеттік тіл еліміздің барлық аумағында қолданыс үрдісінде кеңейді. Мысалы: Мемлекеттік басқару, сот ісін жүргізу, заң шығару, іс қағазын жүргізу салаларында кең өрісін алып келеді. Қай кезде болмасын тіл мəселесі-сөйлейтін, сол тілден сусындаған, ұлттық, ділдік белгісі болып саналатын халықтың мəселесі.
Еліміздегі əр ұлт, əр азамат, мемлекеттік тілді құрметтеуі тиіс. Мемлекеттік тілде іс жүргізіп, бірінші заң орны, соның ішінде сот жүргізу ісі үлгі болу кажет.

А.Каримолдаева, Ақтөбе қаласының әкімшілік
құқық бұзушылықтар
жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының кеңсе бас маманы

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, қазақ тілі – мемлекеттік тіл....

Судьяға деген құрмет кемімеуі керек

Тәуелсіздік алған сәттен бері елімізде заңнамаларды жетілдіру, сот саласын...

Конституция – мемлекеттің тірегі

Әр мемлекеттің сүйенері – Конституция. Елдегі барлық заңдардың, құқықтық...

Аумақтан тыс соттылық қағидаты – азаматтық істердегі құқықтық кепілдік

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтық құқықтық қатынастар тек бір мемлекеттің...

Ата Заң – ұлттың темірқазығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық...