Киіктер ауыл шаруашылығына 10 миллиард теңге залал келтірген — министр

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киіктер ауыл шаруашылығына 10 миллиард теңге залал келтіргенін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзіне сенсек, киіктердің санын реттеу мәселесі Үкіметтің қаулысымен шешілген. Бұған олардың саны өскені және ауыл шаруашылығына зиян келтіргені негіз болған.

«2023 жылы 42 мың бас киік есептен шығарылды. Бүгінде бұл жұмыс мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тоқтатылды. Қателеспесем, киіктер шамамен 10 млрд теңге (ауыл шаруашылығына) залал келтірді. Киіктің санын реттеуге және оларды атуға ғылыми негіздеме алдық. Онда оның саны нақты көрсетілді», — деді Ерлан Нысанбаев Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Министр киіктерді ату олардың популяциясына зиянын тигізбегенін атап өтті.

«Елімізде бұрын 21 мың бас киік болса, бүгінде олардың саны 4,1 миллион басқа жетті. Мысалы, БҚО-да 2,8 миллион бас киік мекендейді. Мемлекет киіктердің санын сақтау үшін бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдады. Енді біз ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлерді сақтауға көңіл бөлеміз. Әсіресе бұл Батыс Қазақстан облысына қатысты. Әлемнің бірде-бір мемлекетінде осынша киік мекендемейді. Бүгінде киік популяциясының 99%-ы Қазақстанда», — деді ведомство басшысы.

Ерлан Нысанбаев атылған киіктер ет комбинаттарына тапсырылғанын айтты.

«4 өңірдегі ет комбинаттарымен келісімшарт жасалды. Олар (өнімді) бөлшек саудада сатты», — деді министр.

Жұмыссыз қалғандарға қолдау: Жәрдемақыдан бөлек қандай мүмкіндіктер бар? 

Қазақстанда жұмыстан айырылу бұрынғыдай тек табыссыз қалу дегенді білдірмейді. Соңғы жылдары мемлекет азаматтарды уақытша қаржылай қолдап қана қоймай, оларды қайта еңбек нарығына бейімдеуге бағытталған бірнеше тетікті қатар іске асырып келеді.

Партиялар съезі саяси айқасқа айналды: Кім кімді ашық сынап жатыр?  

Партия съездері тек бағдарламалық құжаттарды бекіту алаңы ғана емес, саяси күштердің бір-біріне ұстанымын ашық көрсететін мінберге айналды.

Alatau City «жасыл» технологияларды енгізетін пилоттық алаңға айналуы мүмкін 

Кездесу қорытындысында тараптар ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға мүдделі екенін растап, инвестициялық жобаларды нақты пысықтау жұмыстарын жалғастыруға келісті.

Елімізде психологтардың кәсіби қызметіне бірыңғай талап енгізіледі

Қазіргі уақытта министрлік қажетті нормативтік құқықтық базаны әзірлеп жатыр.

Мемлекет басшысы Жоғарғы Соттың төрағасын тағайындады 

Асламбек Мерғалиев Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағасы болып қайта тағайындалды.