19 қыркүйек күні ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» орталығы 19 қыркүйекте ел аумағында қауіпті метеорологиялық құбылыстар болатынын мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанның белгілі бір аймақтарында үсік, найзағай және тұман күтіледі. 

Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронтальды бөлімдердің әсерінен найзағай тұрып, жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді деп күтіледі. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында 1-6 градус үсік жүреді.

Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.