Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазгидромет сәрсенбі, 18 қыркүйекте Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел түнде 3-8, күндіз секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, топырақ бетінде 1 градус аяз, күндіз 15-17 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 18-20 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 26-28 градус жылы.

Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Шығыстан соғатын жел түнде 3-8, күндіз екпіні секундына 9-14 метр.

Алматы облысының оңтүстігінде түнде жаңбыр жауады, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын болады.

Жетісу облысының оңтүстік жартысында таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, облыстың солтүстік-шығысында және батысында екпіні 15-20, түнде Алакөл айдынында секундына 23-28 метрге жетеді.

Түнде солтүстікте, Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан 8-13, солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метр.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метр.

Атырау облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метр.

Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 9-14, күндіз облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метр.

Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен батысында тұман түседі. Шығыстан соғатын желдің күші 9-14, облыстың оңтүстігі мен шығысында секундына 15-20 метр.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 7-12 метр.

Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Түнде облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 7-12 метр.

Қарағанды ​​облысының оңтүстігінде түнде аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Шығыстан соғатын желдің күші 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ұлытау облысының батысы мен оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Шығыстан соғатын жел 9-14, солтүстікте, оңтүстікте, орталықта екпіні секундына 15-20 метр.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Қазақстандықтар қаржысын қаншалықты сауатты басқарады? 

Ұлттық Банктің 2025 жылғы қорытындылары бойынша келтірген дерегіне сәйкес, қаржылық сауаттылықтың жиынтық индексі 42 пайызды құрады.

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды 

Елімізде жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды.

Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды 

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді. Мемлекет басшысы ұжымға жаңа Қорғаныс министрін таныстырды.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.