Қазақстандағы қарақұрт шағу оқиғалары: нені білу керек?

Денсаулық сақтау министрлігі қарақұрт шағып, зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайы туралы хабарлады. Еске салайық, биыл еліміздің бірқатар өңірінде улы өрмекшінің бұл түрі бұрын-соңды болмаған белсенділік танытып отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері, 11 қыркүйектегі жағдай бойынша, республика бойынша қарақұрт шағудың 342 оқиғасы тіркелгені хабарланды. Мұндай деректер Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Жетісу облысында, сондай-ақ Шымкент қаласында тіркелген.

Ведомство Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында азаматтардан өтініштердің көбеюіне байланысты облыстардағы, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы медициналық ұйымдар көмек көрсетуге (симптоматикалық емдеу) дайын екенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, республика бойынша қарақұрт шағуына қарсы 110 доза сарысу бар.

Қарақұрт шағып алса, не істеу керек?

Бұл туралы пікір алу үшін Төтенше жағдайлар министрлігіне жүгіндік.

«Егер улы өрмекші далада шағып алса, шұғыл көмек ретінде, шаққан жерді жанып тұрған сіріңкенің басымен немесе басқа ыстық затпен күйдіру тиімді әдіс болып табылады, бірақ мұны 2-3 минуттан кешіктірмей жасау керек. Шаққаннан кейін бірнеше минут өткен соң, адамға тыныштық беріп, көп сұйықтық ішу керек», — деп кеңес берді құтқарушылар.

Қарақұрттың шағу қаупін азайту үшін:

  • жабық киім, ұзын аяқкиім киіңіз;
  • шалбарды шұлыққа салыңыз;
  • бас киім қажет, мойынды жауып қойған жөн;
  • өрмекшінің денеңізде жүргенін сезсеңіз, оны шүберекпен немесе басқа затпен түсіріңіз, бірақ оны қатты басып, не мыжып тастамаңыз.

Қарақұрттар қайда жүреді?

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, өрмекші көбінесе далада, сайларда, полигондарда, қараусыз қалған және шөп басқан саяжайларда кездеседі. Өрмекші салқын және ылғалды жерге жақынырақ орналасады. 

Қарақұрттар қай уақытқа дейін белсенді?

Өрмекшілердің маусымдық белсенділігі мамырдың ортасынан қыркүйекке дейін (белсенділік түнде де артады).

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.

Бүгін «Ұмай» басталады: Кім баспанаға өтініш бере алады? 

«Отбасы банк» әйелдерге арналған «Ұмай» тұрғын үй бағдарламасын іске қосты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президентін Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда не өзгереді? 

Қыркүйек айында қазақстандықтарды бірқатар өзгеріс күтіп тұр.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.