АЭС – ең тиімді  жол

Қазір еліміз күннен-күнге айырықша даму үстінде. Сондықтан атом өндіру тәжірибесі де күн тәртібіне енгізілуі — заңды үрдіс. Атом электр станциясы жайлы түсінігіміз болуы үшін, бірінші кезекте айтарым, мұның біз күнделікті қолданатын электр энергиясын алудың бір жолы екенін ұғып алуымыз қажет. Бүгінге дейін елімізде электр қуаты жылу электр станциялары мен су электр станцияларынан алып келеді. Біз қолданып жүрген электр қуатының 90 пайызға жуығы жылу электр станциясынан алынған. Елімізде электр энергиясының 70 пайызы көмірден, 14 пайызы су электр станцияларынан, 10 пайызы газдан және 5 пайызы мұнайдан алынып отыр.

Алайда электр энергиясының жеткіліксіздігі қазірдің өзінде байқалады. Сондықтан Қазақстан электр энергиясын көрші елдерден импорттайды.

Енді біз тоқталып отырған электр өндірудің балама жолы – атом электр станциясына келсек, бұл – атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы. Атом электрін алудың үш кезеңі бар. Біріншісі – ураннан ядролық энергия алу, одан жылу энергиясына өту кезеңі, ал одан кейін механикалық энергияға өту жолы.

Бүгінде атом энергетикасын дамыту аса маңызды экономикалық және саяси мәселеге айналды. Атом электр станциясын салу қажет пе, жоқ па деген сауалға қатысты түрлі пікір бар екенін білесіздер. Алдағы уақытта штаб қалалық штабпен бірлесе отырып, нақты жоспарлар аясында кең ауқымды талқылауларды жалғастыратын боламыз.

Аслан ТАПИШЕВ,
Орал қалалық халықтық штаб төрағасы

 Комплексный подход

СНИЖЕНИЕ УРОВНЯ ПРЕСТУПНОСТИ В СТРАНЕ ЯВЛЯЕТСЯ РЕЗУЛЬТАТОМ СИСТЕМНОЙ РАБОТЫ,...

Сот актілерінің орындалмағаны үшін тұлғаларды жауапкершілікке тарту тетігі

Сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі мақсаты -  азаматтар мен...

Тұғыры биік – туған тіл

Тіл – ұлттың рухани өзегі, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан...

Казахский инжиниринг на китайской земле

НА ПОБЕРЕЖЬЕ ЖЕЛТОГО МОРЯ, В КИТАЙСКОМ МЕГАПОЛИСЕ ЦИНДАО, ДАН...

Временное пристанище: когда некуда идти

Центр для ресоциализации лиц, оказавшихся в трудной жизненной ситуации...