Қазақ тілі — әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі.
Қазақ тілі — қазақ халқының ана тілі.
Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті.
Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады. Тіл — халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы. Қазақ тілі — халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан — ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Тіл — біздің ана тіліміз — Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымызбен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады. Заңның 4 бабында «Мемлекеттік тіл — мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Сонымен бірге, Үкімет, мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді дамыту үшін көмек көрсетуге міндетті деп көрсетілген».
Туған тілдің абыройын асқақтату — әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт — санамыз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр.
Қазіргі кезде мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі маңызы мен салмағы күн санап арта түсуде. Жас ұрпақтың тілі ана тілінде шығып, қазақ тілінде білім алуына, басқа да тілдерді жетік меңгеруіне толық мүмкіндік те бар. Қазақ тілі — әлемдегі тілдердің ішіндегі көркем тілдердің бірі. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдіретті.
Тіл мәртебесі — ел мерейі. Әлем таныған ел болу үшін ана тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.
Ақтөбе қалалық соты
әкімшісінің жетекші маманы Камилла Сағындықова


